Жаңаөзенде көлік жүргізушісі 7 жасар баланы қағып ұшырып әкетті (видео)
13 желтоқсан күні LADA Largus көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді қағып кетті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бала қаладағы емханаға жеткізілді.

Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Лада.
Көліктің баланы қаққан сәті таспаға жазылып қалған. LADA Largus көлігін 24 жастағы жігіт жүргізген. 2009 жылғы бала өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өтпек болды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.
«Балаға жабық бас сүйек ми жарақаты, шат сүйегінің сынуы, құймышаққа зақым келуі диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. Оған қазір тұруға болмайды», – дейді Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Марал Қадыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылорда облысында балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды
Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр
71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен