Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіт тікелей эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қосылғысы келетінін айтты

Айдос есімді Баянауыл өлкесінің тумасы тікелей эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрады. Онымен қайта қосылғысы келетінін айтты.

Stock_000011823640_Large-pic700-700x467-58024

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Ажырасқаныма қуанып жүрген жоқпын. Тек табиғатым осындай. Қазір ұлым анасының қолында. Өмірде әртүрлі жағдай болады ғой. Өзімнің де басымнан өтті. Бастапқыда бизнеспен айналысып, көтерілдім. Анам қайтыс болып кеткен соң, әжемнің қолында өстім. 75 жастағы әжемнің орны менің өмірімде ерекше. Ол кісіні “шеше” деп атаймын. Уақыт өте келе мен Астанаға келіп, іс бастадым. Ал анам Баянауылда қалып қойды. Ауырып қалса, ол кісіге жете алмай қиналатынмын. Ол кісіні ойлаған кезде жүрегім ауыратын. Дос балалармен Астанада жүріп, пәтер жалдап тұрдым. Бұл қалада тірлік жасамасаң болмайды. Шаршайтының да анық. Осылайша өзіме қолдау іздедім. Әкемнің көзі тірі болса да, ағам секілді. Ренжіп қалмасын деп «әке» деп атаймын. Бұдан өзге бір інім бар.

Шыны керек, үйленуге асықтым. Анамның келін жұмсағанын қаладым. Ең қымбат анам мен атамды жоғалтқан соң бұл сезімнің қандай болатынын білемін. Үлкен әжем қайтыс болған кезде студент болсам да, 1 000 доллар ақша апарып берген едім. Содан кейін осы әжемнің қолына өттім. Адамды бар кезінде қадірлеу керектігін түсіндім. Ақшамен ешнәрсе қайтаруға болмайды екен. Есен деген ағамның анасын ерекше құрметтейтіні ұнайды. Ол кісі маған үлгі болды.

Тойға шығып ақша тауып жүрдім. Бір қызды ұнатып қалдым. Ғашық болдым. Екеуіміздің де мінезіміз бар. Сезімге қатты берілдім. Үш жыл бірге тұрдық. Ажырасуымызға менің ашуым себеп болды. Бизнесім жүрмей, бір тиын ақшам қалмады. Бір рет келе жатқанымда маған қайта-қайта телефон шалды. Ақшаға байланысты әңгіме айта берді. Шыдамай жарылып кеттім десем де болады. Біраз ауыр сөздер айтқанымды мойындаймын. Ашумен өлтіретінімді де айттым. Себебі, осы уақытқа дейін жол апатына түскен болатынмын. Содан жолда телефонмен сөйлесуге қорқып қалыппын. Бірақ үйге келгенде ол жоқ болды. Мен өлтіремін деген соң қашып кеткен ғой. Әрине, сол сөзім үшін өкінемін. Ол сол оқиғадан кейін оралмады. Бұған дейін бұлай қатты ұрыспағанбыз. Өзім шок алып қалдым десем де болады. Ортада бала болған соң шешем екеуіміз алдына бардық. Бірақ оның анасы қызын жібермеді. Оны қанша ұмытуға тырыссам да, сезім жібермейді екен.

Бір жылдай уақыт күйзеліске түстім. Қазір есімді жиған түрімді көріп отырсыздар. Бұрын бизнес жасау оңай болатын еді. Қазір ішкі жан-дүниең тыныш болмайынша, бір істі қолға алудың қиын екенін түсіндім. Арасында балама барып тұрамын. Шешем екеуіміздің мінезіміздің сай келмейтінін айтты. Әйелімді жақсы адам деп ойлаймын. Жаман сөзге қимаймын. Әлі күнге дейін сүйемін. Баламның анасы ретінде жақсы көремін. Балам «әке» деп алдымнан жүгіріп шыққан сайын барлығын аяқтай салуға шыдамайды екенсің. Әйеліммен сөйлесіп, қосылуға ұсыныс жасадым. Ол мінезін көрсеткендей болып, бұл тақырыпта сөйлескісі келмейтінін айтты. Ары қарай әңгіме қозғамадым. Қазір иманы бар қыз алуым керек. Оған өзім де дайындалып жатырмын», – дейді Айдос мырза.

Жігіттің сөзін Ләйлә Сұлтанқызы бөлді. Ол оған бұрынғы әйелінен тікелей эфирде кешірім сұрауға кеңес берді. “Айдос, ренжімеші! Бүлінген ешнәрсе жоқ. Оның қазір сені көріп отырғанына мен сенемін. Анау камера қазір тек сені түсіреді. Оның аты-жөнін айтсаң да болады. Қыздың өте ақылды анасы бар екеніне сенемін. Ол қазір сенің жүрек жарды тілегіңді естуі мүмкін. Міндетті түрде естиді. Мұнымен қатар, ақылды әкесінің бар екеніне сенемін. Ортада бала болғандықтан, сенің отбасыңды құтқарып қалуға болады. Сенде сезімнің бар екенін барлығымыз көріп отырмыз. Сол қыз үшін, ұлың үшін барлығына дайын екеніңді байқадық. Сендей күйеу баланы армандап жүргендер бар. Өткенің туралы әңгімені айтпа. Тек болашағың туралы сөз қозға”, – дейді тележүргізуші.

«Мен әйелімді сүйгенмін, сүйіп қала беремін. Баяғыдай сүйеміз ғой. Балама әке болғым келеді. Оның алдындағы әкелік міндетімді атқарғым келеді. Қосылғым да келеді. Өмірде көп нәрсені қалаймыз ғой. Иә, мен әйелімді жақсы көремін, сүйемін», – дейді Айдос мырза.


Жіберіп алмаңыз:

Әйел күйеуінің ашық опасыздық жасап жүргенін айтып жылады

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды қайтарған әйелге сүт тартатын машина сыйға тартылды

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Талқылау