Қазақстандық Зарина Диас әйгілі Мария Шараповамен кездеседі
Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) ұйымдастыруымен Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан жарыста америкалық Элисон Рискені жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Екі сағат 24 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.
Ертең, 4 қаңтарда Шэньчжэн турнирінде ол отандасымыз 24 жастағы Зарина Диаспен (WTA рейтингінде 66-шы орын) кездеседі. Қазақстандық теннисші қыз 1/8 финалда алаң иесі Ш. Чжанды 6:3, 6(5):7(7), 6:4 есебімен жеңді. Бірінші ойында ол француздық Полин Пармантьені 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.
Жарыстың бірінші ойынында ресейлік 30 жастағы спортшы қыз Румыния теннисшісі Михаэла Бузэрнескуді 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді.
Шарапова WTA рейтингінде 59-шы орында тұр. Ресейлік теннисші қыздар арасында ең үздік көрсеткіш Светлана Кузнецоваға тиесілі, ол 12-ші орында. Жалпы рейтингте румыниялық Симоне Халеп көш бастап келеді.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин 2017 жылдың үздік спортшысы атанды
Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңі бәсекесінде 5-орынға жайғасты
Промоутер Головкинге лайықты қарсылас болатын жас боксшы пайда болғанын айтты
Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады (фото)

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
