Қазақстандық заңгерлер ұлттық құндылықтарды қорлағандарды жазалайтын заң шығаруды сұрап отыр

Еліміздің ұлттық құндылықтарын қорлағандар ендігі заңмен жазалануы ықтимал. Заңгер Құрманғазы мүсір ұлттық құндылықтарды қорғауды қарастыратын арнайы заң қажеттігін айтып отыр. Тіпті, ол құндылығымызды аяққа таптады деп атышулы Шырын Нарчаеваның үстінен арыз жазған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Шырын Нарчаева

Құрманғазы Мүсірдің сөзінше, бұл мәселеде өзін қолдағандар саны көп. Ол аталған мәселеге қатысты ұлттың тарихы мен мәдениетін қорлағаны үшін сараптама тағайындауды сұраған. Ендігі төсін жалаңаштап, қазақтың сәукелесін киген Шырынның ісі сотта қаралуы мүмкін.

«Маған жүзден аса адам өтініш тастап, осы мәселе бойынша көмек беріңіз деді. Халықтың ұлттық киімін, тарихи маңызды құндылығы болып саналатын сәукелені киіп, мазақ қылуға болмайды», – дейді заңгер.

Бүгінде желіде жалаңаш суретін жариялау жас қыздар арасында белең алып келеді. Этнограф-ғалым Болат Бопайұлының айтуынша, мұның бәрі отбасындағы тәрбиенің осалдығы мен әлеуметтік желілерге байланысты.

«Ұлттық киімді киіп бір ұлттың намысын түсірсе  оған жаза қолдану керек деп ойлаймын. Ертеңгі күні жалпы барлық қыз сондай істеуі мүмкін ғой», – дейді Болат Бопайұлы.

Шырын Нарчаеваның әрекеті желіде шу тудырып, жұрттың қыщу талқысына түскені белгілі. Оны даттағандар да, жақтағандар да табылып, көптің пікірі екіге бөлінді. Ал оңтүстік астана тұрғынының сөзінше, қыздардың ашық-шашық жүруіне тыйым салу керек.

«Ашық-шашық жүруге, жаңағы әлеуметтік желіге шығуға тыйым салу керек. Аталарымыз айтқан ғой «Қыз бұзылса ұлт бұзылады» деп. Міне сол үшін мұның бәріне тыйым салу керек», – дейді алматылық тұрғын Жәнібек Иманмәзір

Еліміздің бүгінгі заңдарында ұлттық құндылықтар туралы бап жоқ. Сондықтан заңгерлер халықтың құндылығын қорлайтындарға тосқауыл болатындай нақты шешім керектігін айтып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр