Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Адам Баян Есентаевамен не үшін араздасып қалғанын айтып берді

Танымал қазақстандық продюсер Динара Адам әріптесі Баян Есентаевамен араздасып, 4 жыл бойы араласпай кетуінің себебін түсіндірді. Динара Адам Баян Есентаевамен 16 жылдан бері таныс екенін және оны өзінің ең жақын құрбысы санайтынын айтты. Сол сияқты 4 жыл бойы жақын құрбысымен тілдеспей, сонша уақытты желге ұшырып алғанына өкінетінін жеткізді.

продюсерлер

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Екі жұлдыз» жобасы барысында жоба продюсері Динара Адам мен жүргізушісі Баян Есентаева сөзге келіспей қалған. Телевизия саласының қос жұлдызы бір-бірінің сөзіне бағынғысы келмеген. Ақырында араздасып, неше жылғы достықтарын бір-ақ сәтте үзе салған. Ал оқиға куәгерлері қай әйелді жұбату керектігін білмеген. Себебі екеуі де айтқанынан қайтпас қайсар мінезге ие.

Арада 4 жыл уақыт өтті. Жақын құрбысының жоқтығы жанына батқан Баян Есентаева қателігін мойындап, оның алдына барған. Сол уақыттан бастап қос продюсердің ара-қатынасы түзелген. Тіпті, бүгінде Баян Есентаева жаны жабыққан сәтте бірінші кезекте Динара Адамға хабарласатынын айтып берді.

«Жаным жабыққанда Динараға хабарласамын. Күні кеше ғана түнгі сағат 2-де оған қоңырау шалдым. Ол бірден «кел» деді. Екеуміз кездестік, жыладық. Мен кездесуден мүлдем басқа адам болып шықтым. Жалпы кейбір нәрселерді тек бір адамға ғана айта аласың. Оның мен үшін қалай алаңдағанын, менің жаным ауырғанда оның ағыл-тегіл жылағанын білемін. Оның даусын естідім, ол маған мен мұқтаж болып тұрған жылы сөздерді айтты. Жалпы Динара маған ұрсып, айқайлай алу құқығына ие жалғыз адам», – деді Баян Есентаева.

Өз сөзінде Динара Адам Баянның батылдығын атап өтті.

«Екеуміз ренжісіп қалдық. 4 жыл бойы оның жоқтығы қатты білінді. Кейін ол да дәл осындай күй кешкенін айтып берді. Екеуміз де ақымақпыз. Бірінші қадамды Баян жасады, менің батылым жетпеді», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева өзінен аумайтын егізін тауып алды (видео)

Ақбота Сейтмағамбет: Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын

«Лашын» тобының аруы сұлулығын бағаламаған бейтаныс жігітке ашуланып кетті (видео)

Әйкерім Қалаубаева елге күйеуін көрсетпеуінің себебін түсіндірді

 

Талқылау