Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Mezzo тобы Украинадағы Х-Фактор жобасын бағындырды (видео)

Қазақстандық Mezzo тобы Украинадағы Х-фактор жобасына қатысып, келесі айналымға жолдама алды. Төрешілерді өздеріне қарату үшін отандастарымыз әлемдік Somewhere әнін орындады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төрешілердің бірі, The Hardkiss тобының мүшесі Юлия Санина әдетте көпдауысты топтардың ән салуы қызықсыз және ескі сәнде болатынын атап өтті.

«Алайда сіздердің орындауларыңыз, таңдаған әндеріңіз маған қатты ұнады. Өте әдемі, стильді және өте жоғары деңгейдегі орындау болды. Рахмет сіздерге», – деген ол қазақстандық топты келесі айналымға өткізді.

Келесі төреші Quest Pistols тобының мүшесі Антон Савлепов Mezzo тобын «эклектика үлгісі» деп атады.

«Сіздер ағылшын тіліндегі әнді өте нашар екпінмен орындадыңыздар. Әрі біреуіңіз кеды, біреуіңіз кроссовки киіп, оны костюммен және шалбармен үйлестіргенсіздер. Мұның бәрі Х-фактор сахнасында орын алды. Тіпті, естен адасуға болады. Мұндай жағдай тек осы ғасырға тән. Дегенмен де, субъективтік тұрғыдан бағамды берер болсам, маған ерекше әсер еттіңіздер деп айта алмаймын», – деген ол біздің жігіттерді келесі айналымға өткізбеді.

Есесіне Константин Меладзе Mezzo тобына өз даусын берді. Қазақстандық квартетті өте жоғары бағалаған ол бұл әнді осыған дейін ең үздік орындаған топ туралы әңгімелеп берді. Айтуынша, Mezzo айды аспанға шығарып, ол топты да артта қалдырған.

Ал топқа жанкүйерлік еткен тележүргізуші Оксана Марченко келесі айналымға өткенін білгенде қазақстандық жігіттерді құшақтап алды.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Ademi ресейлік «Голос» байқауына қатысып, төрешілерді қарата алмады (видео)

Керменбаев «04:29» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді (видео)

Есентаева «Өгей жүрек» телехикаясының алдын-ала көрсетілімін өткізді (фото, видео)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Талқылау