Қазақстандық лесбияндар отбасын сақтап қалу үшін қандай қиындықтарға барып жүргендерін айтты
Қазақстандық ерекше жұп Қана мен Лена өздерінің шексіз сезімдері туралы айтып берді. Лесбиқыздары өздерінің отбасын сақтап қалу үшін түрлі қиындықты жеңуге тырысып келеді екен.
Бұл туралы Экспресс-К басылымы хабарлайды.
Әлеуметтанушы мамандар қазақстандық лесбияндар, бисексуалдар және квир-әйелдердің портретін жасады. Олар 19-60 жас аралығындағы балалары мен жоғарғы білімі бар әйелдер екен. Бір жынысты махаббатты қолдайтын әйелдер Алматы мен Астана қалаларында тұрып жатыр екен. Дәл осындай жұптардың бірі Қана мен Лена өздерінің ерекше махаббаттары туралы айтып берді.
“Бір оқиғаны мысалға келтіргім келіп отыр. Бір қыз құрбысына көмектесу үшін оның бір жынысты махаббатты қолдайтынын оның ата-анасына айтып берген. Осыдан кейін лесбиқыздың ата-анасы оны қамап ұстап, бақсыға қаратқан. Түсінгенімше, сол жерде қызды қатты ұрған. Себебі, қызды қатты психологиялық соққы алып қалғаны байқалады. Оны күштеп ұстаған екен. Бұдан кейін полицияға қатысты үлкен проблеманы анықтадық. Полиция қызметкерлері лесбиқыздарды зорлап, жағымсыз сөздер айтады екен”, – дейді Жанар Секербаева.
Қазақстанда гейлер мен лесбиқыздардың санына қатысты статистикалық мәліметтер жоқ. Бірақ, ресми емес деректерге сүйенсек, халқымыздың 10%-ы лесбияндар екен. Қана және Лена есімді жұп өздерінің ерекше махаббаттары туралы айтып берді.
“Маусымның екісі күні бірге болғанымызға 2 жыл толады. Ара-қатынасымызды халықтан жасырудың еш қажеті жоқ. Бастапқыда отбасыма айтпаған едім, қазір шындықты біледі. Бізді түсініп, қолдау білдіретін достарымыз да бар. Өзім АДК сауда орталығында жұмыс істеймін. Ленамен қарым-қатынасыма бастығым еш қарсы емес. Айта кететіні, Ленаның үш жасар ұлы бар. Жуырда соны жанымызға алдырамыз”, – дейді Кана.
Ол ес білгелі тек қыздарды ұнатқанын жасырмайды. Тіпті, осы күнге дейін ер жігітпен көңіл жарастырып көрмеген екен. “Бала күнімнен қыздарды ұнатамын. Тіпті, мектепте бір сыныптас қызды сүйіп қалғаным бар. Бірақ, ол кезде мұндай қарым-қатынасты барлығы жабайылық деп түсінеті. Жалпы ер адамдарды мойындамаймын”, – дейді Қана.
Қананың сүйіктісі Лена екеуінің қалай танысқандарын және осы күнге дейін қандай қиындықтарды бастан өткергендерін айтып берді.
“Екеуіміз интернетте отырып таныстық. Ол кезде ешкіммен кездесіп жүрген жоқ едік. Ақыры жолығып, таныстығымыз махаббатқа ұласты. Менің туысқандарым бұл туралы барлығын жақсы біледі. Тіпті, соңғы кезде қонаққа шақырып жүр. Яғни олар бізді осы қалпымызда қабылдайды. Бізді үнемі кемсітетін жандардың бар екенін жасырмаймын. Тіпті, кей досым менімен араласудан бас тартты. Желідегі достығымызды өшіріп, маған хабарласудан қалды. Мен қоңырау шалған кезде тұтқаны көтермейді. Бұл қалыпты жағдай. Бір шетінен олардың не себепті бұлай жасайтындарын түсінемін. Көшеде ала көзбен қарайтындар да бар. Оның барлығы жанымызға қатты тиеді. Бірақ, мен Қананың қолынан ұстап келе жатып, қолымды жібере сала алмаймын. Бұл сатқындық жасағанмен тең. Ал өзім қарапайым риэлтор болып жұмыс істеймін. Ол жерде қарым-қатынасымыз туралы барлығы білмейді. Біз үйдегі жұмыстарды әйелдікі, ердікі деп бөлмейміз. Бірақ, ыдысты ол көбірек жуады”, – дейді Лена.
Келіншек алдағы жоспарларын да бөлісті. Қана екеуі ақша жинап, пәтер алуды жоспарлап жүр екен. Үй сатып алған жағдайда Лена ұлын өздерімен бірге тұруға алдырмақ екен. “Ұлым бар екені рас. Оны қатты жақсы көремін. Біз тағы да балаларымыздың болғанын қалаймыз. Өкінішке орай, біздің елімізде бұл мүмкін емес. Бір қызығы, біздің қоғам үшін отбасында баланы ұру, әкесінің ішімдікке салынуы қалыпты жағдай. Ал біз сияқтылардың бала асырауы қалыпты емес. Ұлыма анам қарап жатыр. Себебі, екеуіз де жұмыс істеп, пәтер сатып алуға ақша жинап жатырмыз. Қазір ол небәрі үш жаста. Оның екі анасы бар”, – дейді Лена.
Лена да ерте жастан қыздарды ұнатқанын айтады. Тіпті, шыдамай құрбысын қатты сүйіп алған екен. Мұнымен қатар, Лена бұрын отбасылы болған. “Ер адамдарды ұнатпайтынымды 13 жасымда түсіндім. Бір қызды сүйіп алғаным есімде. Кейін ол қыз менімен сөйлеспей кеткен болатын. Менің ер адаммен кездесіп, отбасып құрғаным рас. Ақыры шыдамай ажырасып кеттім. Бір жарым жылдан кейін күйеуімді де, өзімді де қинағым келмейтінін түсіндім. Ер адамдар табиғаттарынан өте қатал болып келеді. Мысалы, менің әкем анамды көп ренжітетін еді. Осыдан кейін ер адамдарға сенуге болмайтынын түсіндім. Олар опасыздық жасаулары мүмкін”, – дейді Лена.
Мұнымен қатар, келіншек сүйіктісін қатты қызғанатынын жеткізді. Арасында Қана Ленаның телефонын тексеріп тұрады екен.