Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Бүгінде алаяққа алданып, бармағын тістеп отырғандар аз емес. Солардың бірі – Зүлфат Әбдіразаққызы. Ол өзінің азаматтық некеде бірге тұрып жатқан күйеуіне алданып қалған екен. Енді міне барша қазақстандықты Дархан Бекбембетов есімді азаматтан сақтануға шақырды.

юджзщ

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасындай айтылды.

29 жастағы Зүлфат Әбдіразаққызы бірнеше ай бұрын алаяққа алданып қалған-ды. Дархан есімді азамат оның отбасының сеніміне кіріп, бүкіл дүние-мүлкін тартып алған. Артынша сотқа арыз жазған Зүлфаттың жолына бөгет болған. Тіпті Әуезов ауданының ІІБ-нің қызметкерлерімен сыбайластығы болуы мүмкін деген болжам айтылды. Себебі, аталған бөлімнің қызметкерлері бұл істі басқа жолмен шешуге болатынын айтқан. Артынша арыздың ресми тіркелмегені де белгілі болған. Енді Зулфат Астана қаласындағы құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр.

“Мені алдап кеткен жігітпен 2015 жылдың мамыр айында таныстым. Жұмыстан шыққан кезімде маған такси ретінде тоқтады. Ол кезде банкте жұмыс істеп жүрген болатынмын. Көліктің ішінде отырғанымда “Банктен маған бір-екі көмек қажет болып тұр” деп нөмірімді сұрап алды. Бір қарағанда қазақтың қарапайым, сүйкімді жігіті болып көрінді. Оның үстіне өте мәдениетті сөйледі. Ұялы телефонымның нөмірін берген едім, келесі күні маған хабарласып, несие туралы сұрады. Жұмыс бабымен араласқысы келеді деп ойладым. Артынша көңілімді аулап, күнде гүл әкеліп жүрді. Бір айдай соңымнан қалмай қойды. Одан кейін анаммен танысқысы келетінін айтты.

Оған бұрын отбасымның болғаны туралы шындықты жария еттім. Бірінші күйеуімнің тарапынан да алаяқтық көрген едім. Ол өз кезегінде Ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтінін айтты. Кейін мені өзінің аға-әпкелерімен таныстырды. Былайынша айтқанда сеніміме кірді. Тіпті, анам екеуімізге ұялы телефон сыйлады. Ауылына алып барып, әке-шешесімен таныстырып, “азаматтық некеде бірге тұрайық” деп ұсыныс жасады. Біріншіден, мен оны байқап көрмек болдым. Екіншіден, өзі бірден тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған жоқ. Ақырында азаматтық некеде тұра бастадық. Басында барлығы жақсы болды. Маған қаржылай демеу көрсетіп, тойларға бірге барып жүрдік. Барлығы біздің тойымыздың болатынына сенді. Үйдің жалғыз қызы болған соң, бақытты болып, ата-анамды қуантқым келеді”, – дейді Зүлфат ханым.

Алайда келіншектің қуанышы көпке созылмады. Ол бірге тұрып жатқан ер азаматының отбасы бар екенін біледі. Артынша Дархан мырзаның заңды жұбайы Зүлфат ханымға ескерту жасайды. Яғни Дархан мырзаның алаяқ екенін тілге тиек еткен.

“Бірге тұрып жатқан кезде оның органдарда қызмет етпейтінін, өзге әйелі мен екі баласының бар екенін білдім. Туыстары бұл туралы маған мүлдем айтпаған. Қайтадан алданғанымды біліп, барлығын бітіруді жөн көрдім. Бірақ көп ұзамай мен қатты өзгере бастадым. Бір қызығы, мен сол адамның айтқанын істедім. Қандай ұсыныс жасаса, соған келістім. Кешірім сұрап, менің көзімше ажырасуға арыз жазды. Әйелімен де сөйлестім. Ол “Біз бірге тұрмаймыз. Менің сендерде шаруам жоқ. Бақытты болыңдар! Бірақ ертең өзің бармағыңды тістеп қаласың” деді. Оны да тастап кеткен екен. Мен қайтадан сендім. Бұл өзімнің ақымақтығым болды.

Бір күні жұмысымнан шығып қалдым. Осы сәтте алаяқ күйеуім бірге жұмыс істеуді ұсынды. Ұялы телефон мен көлік әкеліп сатпақ болдық. Жоспарын айтып, қайтадан сенім ұялатты. Сол сәтте “иә” деп келісімімді бердім. Ол небәрі жарты күннің ішінде несие алып, менің үйімді кепілдікке қойды. Мені мүлдем жалғыз қалдырмады. Достарыммен араласуымды шектеді. Үш-төрт күннен кейін ХҚКО-на барып, тексердім. Менің атымда үй жоқ болып шықты. Ол үй несие алған Әсемгүл есімді келіншектің атында тұрғанын айтты. Жан-жақтан қысым болып, Дархан екеуіміздің арамызда ұрыс-жанжал болды. Әсемгүл кепілдікке ақша берген кісі екен. Ол маған үйді сатып, кепілдікке алған ақшаны қайтаруды ұсынды. Үйді сатып, бұл қарызымыздан құтылдық. “Күйеуім “Жақын жерден жақсы үй көрдім. Соны алайық. Алайда әзірге қаражат толық жетпей тұр. Уақытша ағаларымның үйінде тұрайық. Көлігіңді сатып, соның да ақшасын қосайық. Әке-шешеңе айтпай қоя тұр” деді. Сезімге беріліп жүріп бұл жолы да келістім”, – дейді келіншек.

Дархан мырза заңсыз жолмен көлікті өз атына аударып алған. Оның мұны қалай жүзеге асырғанын Зүлфат ханым білмеген де екен. Ол тіпті, келіншекке бар шындықты ата-анасына айтуды ұсынған.

“Көлік әкемнің атында болатын. Оны өзіне қалай аударып алғанын білмеймін. Мені ағасының үйіне тұрғызып, ешқайда жібермей қойды. Достарыммен араласуымды шектеді. Бір күні өзі келіп менің ата-анама барып бар шындықты айтуды ұсынды. Олар Дарханның сөзіне толықтай сенді. Кенет Дархан анасының қатты ауырып жатқанын айтып, үйден кетіп қалды. Осыдан кейін арамыз үзіліп кетті. 2-3 айдан кейін қолында екі айлық баласы бар қыз келді. Дархан Бекбембетов оны да алдап кеткен екен. Ал қолындағы бала сонікі. Әлгі қызға өзімнің де алданғанымды түсіндірдім. Бірақ ол Дарханның заңды отбасының бар екенін білмепті. Ақырында Әуезов ауданындағы ІІБ-ге барып арыз жаздым. Бірінші мені Алмасбек Алпамысұлына кіргізді. Тергеуші арызымды қабылдап, опергруппаға берді. Арада бір жұма өткен соң, мені ІІБ-ге шақыртты. Дарханды ұстаған екен. Ол барлығын мойындап, “Мен ақшаны қайтарғым келіп жүргем” деп ақталды. Сол жерде маған уақытша кепілдік ретінде бір көліктің кілті мен құжатын берді. Бірақ бәрібір де арызды қайтарып алмайтынымды, сотқа дейін баратынымды айттым. Бір күні әлгі көлікпен келе жатып, жол апатына түстім. Артынша ол көліктің ТАС ломбард деген жерде кепілдікте тұрғаны анықталды”, – дейді жәбірленуші.

Бұл оқиғадан кейін Зүлфат ханым Әуезов ауданының ІІБ-ге қайта барады. Сол жерден оның арызының базаға енбегені анықталады. Енді ол Астана қаласының құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінбек.

“Менің атымнан тағы да 300 мың несие алып кеткендіктен, жігіттің әпкелеріне барып жағдайды түсіндірдім. Әкесінің аты – Тұрсынбай, әпкесінің аты – Бұршабаева Баян. Енді бұл жігітке ешкімнің алданғанын қаламаймын. Мен алғаш арыз жазып барған кезде, әділдік орнайды деп күткен едім. Ол 1987 жылы туған. Толық аты-жөні – Бекбембетов Дархан Тұрсынбайұлы. Бүгінде қолымда екі диплом болса да, сатушы болып жұмыс істеп жүрмін. Банктегі қара тізімге еніп кеткен екенмін”, – дейді бойжеткен.

Ләйлә Сұлтанқызы өз кезегінде бұл істі жіті бақылайтынын және қолынан келген көмегін аямайтынын айтты. Мұнымен қатар, БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы отбасылы сүйіктісінен еш айырылғысы келмейтінін айтты

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау