Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің бұрынғы жетекшісі бұрынғы қайын атасымен соттасып жатыр. 81 жастағы Төлеш Мәжікеев күйеубаласының пәтерін тартып алмақ болғанын айтады.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ол бірнеше жыл бұрын күйеубаласы несие алу үшін үйін кепілге қойған. Ақырынды 3 жылдан бері олар баспана мәселесі үшін соттасып жатыр.

Мәжікеевке бастапқыда үйдің 2 жылға кепілде тұратыны айтылған. Ал, оның 20 жылға кепілге қойылғанын 2015 жылы білген. Өзі несие жасаған уақытта ешкімнің ескертпегенін, банк қызмткерлерімен кеңес жүргізілмегенен алға тартады.

Қарияның баспанасын сый ретінде беретіні жөнінде құжатқа қол қойғаны да белгілі болды. Алайда, заңгерлердің көмегімен қарттардың қол қойған құжатының мәнісін түсінбегені дәлелденді. Соңғы сотта Мәжікеев жеңіп шықты. Ал, Интерполдың экс-басшысы сот шешіміне шағым түсіруге ниетті.

Қазақстанда мұндай жолмен қарттардың үйін тартып алу оқиғалары жиі кездеседі.

“Европа елдерінде заңды құжаттарды бәрінің түсіне бермейтінін ескеріп, кепіл алушы мен үй иесінен бөлек лицензиясы бар адвокат та қол қою барысына қатысады”, – дейді заңгер Жангелді Сүлейменов.

Ал, қорғаушы жақ Карикболовтың тек қана өзінің ары таза екенін дәлелдегісі келетінін, оның қарияның баспанасын алу ойында жоқ екеніне көз жеткізгісі келетінін айтады. Оқиғаның қалай шешілетіні әлі белгісіз.

Талқылау