Қазақстандық ғалымдар латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын әлдеқашан жасап қойған
Елбасымыз латын әрпімен міндетті түрде көшетініміз жайлы 6 жыл бұрын айтқан. Сондықтан мамандар жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасын дайынап қойған. Мұндағы ең түйткілді мәселе 9 әріптің мағынасы болып тұр.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова тіл Институты ұсынған нұсқаны көрсетті. Олар мұны 5 жылдан бері зерттеп келеді. Мамандар ғалымдар арасында латын әліпбиіне қатысты байқау жариялаған.
Институтқа 100-ден аса ұсыныстар түскен. Тіл мамандары олардың ішінде тек үшеуін таңдап алды. Біріншісі, комьютер үшін ыңғайлы. Екіншісі, лингвистер үшін ыңғайлы, ал үшіншісі аралас нұсқа.
«Бір дыбыс – бір әріп. Егер латын әрпінде бір әріп бір дыбыс бере алмаса, біз диакритикалық белгілерді таңдаймыз. Бұлар қосымша белгілер», – дейді Ахмет БАйтұрсынов атындағы тіл білімі институтының орынбасары Анар Фазылжанова.
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Лингвистер оны 32 латын әрпіне ауыстырып, 6 жаңа әріп қосқанды жөн санайды.
Филолог Арман Байқадамов ғалымдардың бұл ойымен келіспейді. Ол әліпбидегі талап бойынша 26 әріп болмаса, онда латын әрпіне көшудің түк маңызы жоқ деп санайды.
Филолог Ахмет Байтұрсынвтың зерттеуі мен қазіргі ағылшын әліпбиін негізге алған. Мәселен, “а” мен “ә” әріптерін латынның «а» әрпімен жазады.
«Егер қазақтың сөзінде к, г, е әріптері кездессе онда жұмсартылып айтылады. Яғни, аке деп жазылғанымен, әке деп оқылады», – дейді Ph.D Арман Байқадамов.
Ғалымдар әзірге латын әрпіне көшу керек дегенге бір ауыздан келісіп отыр. Алайда, оның қанша уақытта жүзеге асатыны, оған қанша қаражат жұмсалатынын белгісіз.
Тағы да оқыңыз:
Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады
Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты
Астанада 1 жасар бала қытай медицинасымен емделгеннен кейін қайтыс болды