Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас ғалым қатерлі ісікке қарсы күресте жаңалық ашты

Nazarbayev Laboratory Astana оқу орнының аға ғылыми қызметкері Дана Ақылбекова қатерлі ісік жасушаларын бағдарламалау жобасын жүзеге асырды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті хабарлады.

20170113135627

«Біз түрлі қоспалардың құрамына байланысты аталған жасушыларға қандай да бір ықпал етуге болатындығын дәлелдей алдық. Бұл болашақта қатерлі ісікке қарсы ем-домды қалай бір арнаға тоғыстыруға болатындығын білуге мүмкіндік беретін фундаменталды білім»,-деді Дана Ақылбекова.

Физиктердің отбасында туған ғалым қыз жастайынан ғылымға құмар болған. Докторантураа оқып жатқан ол тірі клеткалардың инсулин шығаруын қамтамасыз ететін полимерлі бөлшектерді дайындау тәжірибесіне қатысты. Мұндай тәсіл инсулин екпесінсіз жарты жыл жүруге мүмкіндік береді.

Дана Ақылбекова өзінің  жетістіктері Қазақстанның биомедицина саласында пайдалы болады деп үміттенеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жалған ақша шығаратын типография анықталды

Қарағанды облысында тұрғын үйге жарылыс іздері түскен

Ақтөбелік полицейлер қарсыласқан қарулы ер адамды атып өлтірді

Астана тұрғынына подъезде темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Талқылау