Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шеберлерінің тек қана тезірек баюды көздейтіні белгілі болды (видео)

Еліміздегі ережесіз жекпе-жек өнері жылдан жылға қанат жайып дамып келеді. Адам денсаулығына ерекше қауіпті бұл спортпен айналысудағы мақсат не деген сауал да еріксіз туындайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

 

Сегіз бұрышта жекпе-жекке шығатын тарландарымыздың көбісі АҚШ-тағы UFS нұсқасына өтуді мақсат тұтады. Сөйтсек оның да өз құпиясы бар екен.

“Әлем Файтерс” кәсіпқой спорт мектебінің бас директоры Ардақ Назаровтың айтуынша, біздің жігіттер аталмыш тұжырымдардан басқасының барлығын бағындырған. Мәселен, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов АҚШ-тың WSоF атты танымал тұжырымына жол салған. Бұл арқылы әйгілі UFC нұсқасына бір табан жақындай түсуге болады екен.

Ал “Найман” лақап атымен танымал Қуат Хамитов ережесіз спорт түрімен айналысып, ақша тауып, бай боламын деу бос әңгіме дейді.

“6 жыл бойы айналысып, 3 рет әлемнің ең биік тұғырына көтерілдім. Осы уақытта маған жекелеген демеушілерден де, мемлекеттен де бірде-бір көмек болған емес. Керісінше, осы спортпен айналысу үшін өзім көп ақша жұмсап жатырмын”, – дейді ол.

Бұған қатысты Ардақ Назаровтың ойы сәл басқашалау. “Конор Макгрегор 10 миллион доллардай ақша алады. Егер сондай жұлдыз болып, сондай ақша алсаң, ол сенің өміріңе жетеді. Және ондай қаражатқа қол жеткізгеннен кейін адамда ынта да, қызығушылық та арта түседі”, – дейді Назаров.

Stan kz. тілшісі елімізге танымал ережесіз жекпе-жек шеберлері мен сұхбат барысында бір байқағаны жерлестеріміздің бар арманы пайда тауып, барынша атақты болуды көздейтін болып шықты. Себебі, барлығының алдыға қойған мақсаты UFS тұжырымының белбеуіне қол жеткізу екен. Яғни, бұл дегеніміз қазақстанда ең бай адамдардың қатарына ертерек қосылудың амалы болса керек.

Оқи отырыңыз:

Афины олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов: Ішімдікті тастадым, спортқа оралсам деймін

Гитлердің әйелі киген ішкиім 3600 долларға сатылды (фото)

Әлі жаумаған қарды тазалаған коммуналдық көліктер қостанайлықтарға күлкі болды (видео)

Абай Бегей: Ажырасқан әйелді жар етіп алуға қарсы емеспін (фото)

Талқылау