Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткендерге құштарлықты оятатын препаратқа қатысты ескерту жасалды

Қазнетте кез келген келіншектің бойындағы құштарлық сезімін оятатын препарат саудаланып жатыр. Бірі мұны қоғамға жат көрсе, енді екіншілері денсаулыққа айтарлықтай зиян екенін айтып жатыр.

image

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Әйелдер құштарлығын оятатын препараттар туралы жарнамалар электронды пошталарға келгенімен қоймай, автобус аялдамаларына, подъездерге жапсырылуда. “Әйелдер либидосы көп белсенділік таныта бермейді, осыған орай, біздің препарат көмекке келеді” деп жазады оны сатушылар.

Аталған препаратты түрлі сайттардан оңай тауып алуға болады. Оның ұнтақ, таблетка, сағыз сынды бірнеше түрі бар. Бағасы 500 тенгеден, 7-8 мыңға дейін барады. Қаптамасында оның иісі шықпайды әрі дәмі де сезілмейді деп жазылған. Мұны романтикалық кеш ешбір жағымсыз химиялық иіспен бұзылмауы тиіс деп түсіндірген. Оны объектінің ыдысына білдірмей құйып жіберуге де болады. Шамамен 10-15 минуттан кейін бойжеткен өзін бақылай алмай қалуы да мүмкін. Мұнымен қатар, мамандар оны қалай әзірлеу керектігімен де бөлісіп жатыр. Біз жазып отырған препарат жылқы жануарына арналған.

“Заң бойынша республикамызда мұндай препараттарға тыйым салынбаған. Бұл жерде оны қолданбау мәселесіне емес, нақты не нәрсеге қолдануға болады деген мәселеге назар аудару керек. Оның фармокологиялық құрамының қаншалықты зиян екені айтпаса да түсінікті. Қылмыстық кодекстің екінші бөлімінің 120 бабы “Зорлау” туралы. Яғни мұндай препаратты қолдану арқылы бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түсу оны зорлағанмен бірдей”, – дейді астаналық заңгер Алексей Бехеров.

Бұдан өзге маман кей бойжеткендердің мұндай жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге қауқары жетпейтіндігін айтады. Себебі, ол көп уақытқа дейін психикасына әсер етеді екен.


Жіберіп алмаңыз:

Жыныстық қатынастағы құштарлықты арттыру жолдарын білесіз бе?

Қарақат Әбілдина бет әлпеті арқылы адам мінезін анықтауды үйретті

Әр жұлдыз белгісі төсек қатынасында өзін қалай ұстайды?

Лондон ғалымдары рак ауруының емін тапты

Талқылау