Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді
Кәмиля Айдарқызы бала күнінде өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
Қазақстандық бойжеткен өзінің басынан өткен мұңды оқиғасын баяндап берді. Ол өзін зорламақ болған жездесінің әрекетін ұмыта алмай жүр екен. Бүгінде Кәмиля Айдарқызының (есімі өзгертілді) ата-анасы жездесімен жақсы қарым-қатынаста. Себебі, олар күйеу балаларының қандай азғындыққа барғанын білмейді.
«Қазір жасым 16-да. Бала күнімде мені жездем зорламақшы болған. Зорламаса да, әуретті жерлеріме қолын салды. Бұл туралы ешкімге айта алмадым. Ұялдым ба, қорықтым ба білмеймін. Қазір тиіспейді. Себебі, өзіме жауап бере аламын. Ол Алланың қаһарынан да қорықпады. Алла жазасын берді. Артынан ерген баласы жоқ. Бірақ мен ешқашан балалары болмасын деп тілеген емеспін. Мен Алладан оның осы өмірде еш қамсыз жүруін тіледім. Ата-анам жездеммен жақсы араласады. Оның қандай адам екенін, маған не істегенін білсе, тірі жүргізбес еді. Мұндай жағдайдың ешкімнің басынан өтпеуін тілеймін. Ұл-қыздарыңызға жақсы тәрбие беріңіздерші. Ішімдегіні айтып біраз жеңілдеп қалдым», – дейді Кәмиля Айдарқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Әпкесінің сыныптасы мен туған ағасы зорламақ болған әйел бала күнгі мұңды естелігін бөлісті
Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым
Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады
Қазақстандық әйел азаматтық некеде бірге тұрған моңғолиялыққа қызын мойындата алмай жүр