Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық биші Шешенстан президентінің қолынан жүлде алды

Қазақстан биші Ернұр Қарықбол халықаралық би байқауында бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы аптада Шешен Республикасының мәдениет министрлігінің қолдауымен Грозный қаласында әйгілі биші, аты аңызға айналған Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті. Аталмыш конкурста 16 елдің өкілдері өнерлерін паш етті. Қазақстан Республикасының атынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Салтанат» би ансамблінің белді артисі Ернұр Қарықбол қатысты.

Ернұр Қарықбол жеке би номинациясында «Моңғол» және «Аққу» билерін орындады. Шет елдерден келген орындаушылардың шеберлігіне қарамастан, ол өте жоғары кәсіби техникалық деңгейде орындауымен ерекше әділқазылардың көзіне түсті. Осылайша, Ернұр Қарықбол Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер фестиваль-конкурстың Гран-При жүлдегері атанды», – делінген Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінде.

Жүлдені Шешен Республикасының президенті Қадыров Рамзан Ахматұлы өз қолымен табыстады.

Ернұр Қарықбол ҚР «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі-бас балетмейстер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Гүлсәуле Орумбаеваның шәкірті. Аталған жүлделер және әділ-қазылардың шешімі ұстаздың халықаралық дәрежедегі жоғары бағасы.

Тағы да оқыңыз:

Бір сіріңкені жылжыту арқылы жұмбақтың жауабын шеше аласыз ба?

Өзіңізді тексеріңіз: Даусына қарап адамның мінезін білуге болады

Психолог: «5-6 немеремді бір көрпенің астына жатқыздым» дейтіндер олардың не істеп жатқанынан бейхабар

Талқылау