Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)

Іnstagram желісінің қолданушылары қазақстандық модель Динара Рахымбаеваны ұлттық салтты бұзды деп айыптады.

Динара Рахымбаева іш киіммен сән журналына суретке түсіп, қазақстандықтардың сынына ілікті.

Ол фототүсірілімінің үш суретін өз парақшасында жариялады.

Қолданушылар оны мұсылмандық шектен шықты, тәрбиесіздік танытты деп айыптауда. Кейбірі қызға ақша мен атақ керек болған деп түйіндеді. Оның төсі жасанды силикон екенін айтқандар да бар.

 

Magazine: @lofficielkz Ph: @toreomaru Lingerie: @bite.me.lingerie

Фото опубликовано ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀DINARA RKH (@dinara_rkh)

«Менің жеке өміріме араласқанды доғарыңыздаршы. Мен бәрібір біреудің айтқанына көнбеймін. Бұл – менің өмірім. Мен онсыз да көп сурет жариялаймын. Ал, жігітіммен айырылысқанымды айтып отыруға міндетті емеспін. Сіздердің өз өмірлеріңіз бар ғой. Менікімен өмір сүріп не таптыңыздар? Пікірлерді оқысам – адамдардың ұйықтай алмай жатқанын көрем», – деп жазады ол.

Кейіннен оның жартылай жалаңаш түскен видеотүсірілімі жарияланды. Осыдан соң оның фототүсірілімге қатысқаны белгілі болды.

Динара Рахымбаева сырт келбетіне байланысты «қазақстандық Барби» атанып кеткен. Ол 21 жаста. Әкесі – орыс, анасы – қазақ. Параметрі – 90-55-87.

Талқылау