Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат Мақсат Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерін айтып берді (видео)

Кәсіпкер, тележүргізуші әрі қоғам қайраткері Павел Коктышев Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы тәртіпсіздігі жайлы айтты.

kartina

“Бүгінгі рейспен Бангокқа Мақсат Үсеновпен бірге бардым. Біздің соттан сұрағым келгені: Не себепті мен мұндай тәуекелге баруым керек?”

Үсенов ұшу барысында тәртіпсіздік көрсетіп, жолаушыларды мазасын кетірді. Жолсеріктен темекі шегуді сұрап, тіпті ақша (200 $) ұсынды. Кейіннен акт толтырып, ақыры темекі шеккенге ұқсайды. Ұшақ қызметкерлері оның әр ісін қадағалап отырды. Белбеуді тағудан бас тартып, ешкімді тыңдамады. (Ол әкесі физика заңдылықтарынан да қорғайды деп сенетін секілді)”, – деп жазады Коктышев желідегі парақшасында.

Жүргізуші ұшақ жерге қонғанда Үсеновты жергілікті полицейлерге тапсырғанын атап өтті.

“Экипаж мүшелері жарады”, – деп жазады Коктышев. Ол сөзінің дәлелі ретінде ұшақ бортынан видео жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны Мақсат Үсенов 2013 жылы мас күйінде көлік айдап, 6 адамды қағып кеткен болатын. Одан бір жігіт қаза тапты. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын.

Екі жағдайда да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

Тағы да оқыңыз:

Журналист Сәуле Әбединова өзіне қарсы уәж айтқан Меруерт Өтекешованың сынына жауап берді

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

Лондонда теракті болып, 7 адам ажал құшты

Талқылау