Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел сегіз айда 40 кг салмақ тастағанын айтып мақтанды

Қазақстандық Назгүл Бисембаева аз уақыт ішінде 40 кг салмақтан арылғанын айтып мақтанды.

ьотр5

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Сұлулық құрбандықты талап етеді. Бірақ оның құны қандай болуы керек? Сіз сымбатты болу үшін не нәрсеге дайынсыз? Лада Шумихина есімді бойжеткен университет асханасындағы тағамдарға күмәнмен қарайды. Құрамында майдың үлесі көп болуы бойжеткеннің артық салмақ жинауына себеп болған. Қазір ол қара құмық ботқасы мен көкөніс салатын үйден жасап әкеліп жүр. Бойының ұзындығы – 170 болса, салмағы – 53 кг. Енді тағы да 3 кг салмақтан арылғысы келіп жүр.

Өкінішке орай, сұлулыққа ұмтылған арулардың көпшілігі жөнін білмей, денсаулықтарына зиян келтіріп жатады.  «Ашыққан адам психикалық және физикалық тұрғыдан зардап шегеді. Бұл, бірініш кезекте, жүйке жүйесіне әсерін береді. Көмірқышқыл жетпеген кезде мида гипоксия басталады. Ал май мен дәрумендер азайған кезде, ағза физикалық тұрғыдан қиналады. Зат алмасу жүйесі бұзылып, мүлдем жұмыс жасай алмай қалады», – дейді гастроэнтеролог Алена Зюбина.

Психологтардың айтуы бойынша, диета ұстау – арықтаудың амалы емес, адамның өзін өзгертуге жасаған қадамы.  «Мұндай ауру Қазақстанда сирек кездеседі. Сол себепті, нақты статистикалық мәлімет бере алмаймын. Бізге 2-3 айда бір адам түседі. Бұл аурудың басты ерекшелігі – оны емдеу үшін міндетті түрде психотерапевтердің араласуын талап етуі. Науқастардың 10℅-дан астамы бақилық болып жатады. Себебі, дұрыс тамақтанбаудың салдары өте ауыр. Бірінші кезекте, жүйке жүйесі зақым алады», – дейді психолог Ирина Ленская.

ипм

Ал қазақстандық келіншек Назгүл Бисембаева 8 ай ішінде 40 кг салмақтан арылғанын айтып мақтанды.

«Диетаны өмірімде бірінші рет ұстап тұрмын. Бала күнімнен толық болдым. Достарымнан екі есе үлкен көрінетінмін. Бұрын салмағым 150 килограммға дейін барды. Мектеп кезінде сыныптастарым мені артық салмағыма бола мазақтайтын. 10-сыныптың өзінде салмағым 72 килограмм болды. Жігіттермен араласпадым. Артық салмағыма бола өзімді сенімсіз сезінетінмін. Сол кезде қатты қынжылатынмын. Артынан өсе келе одан сайын тола бастадым.

Тұрмысқа шығып, үш бала тәрбиелеп отырмын. Бірақ жолдасым ешуақытта «Сен толықсың! Арықта» деп айтқан емес. 29 жасымда арықтау туралы шешім қабылдадым. Ол жасқа дейін ашығуға да, денсаулығымды құртып алуға да қорықтым. Үшінші сәбиімді босанғаннан кейін өзімді кәдімгідей қолға алдым. 8 айдың ішінде 40 килограмм салмақ тастадым. Мұны диета емес, дұрыс тамақтану деп атаған жөн шығар. Күніне бес мезгіл тамақтандым, ешқандай да ашыққан жоқпын. Мұнымен қатар, спортпен айналыстым. Соңғы екі айдан бері өзімнің қалыпты салмағымды ұстап тұрмын.

Әрине, салмақ тастағанға дейін көптеген диета мен коктейль туралы оқыдым. Жаһандану заманында арықтататын дәрілер де бар. Бірақ осы күнге дейін арықтауға арналған дәрі алып көрмеппін. Себебі, мен өзімді құрбандыққа шалғым келмейді. Денімнің сау болғанын қалаймын. Яғни өзімді кей тамақтан шектеп, белгілі бір мөлшерде ғана іштім. Қазір тамақтың калориясын санаймын, ішіндегі ақуыз, көмірсу, май мөлшерін зерттеп барып бірақ ішемін. Қазір 58 бен 60 килограммның ортасында жүремін. Алдағы уақытта салмағымның 55 кг болғанын қалаймын. Өзімнің жасыма сай болғым келеді», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Домбыраларын ауыстырып ұстап тұрып күй тартқан үш бала елді таңғалдырды (видео)

Мөлдірдің туған жерге арнаған бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Меруерт Түсіпбаева: 12 жыл ішіндегі барлық әнім хит болды

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Талқылау