Қазақстандық әйел азаматтық некеде бірге тұрған моңғолиялыққа қызын мойындата алмай жүр
Гүлнұр Майшыбаева бірнеше жыл бұрын Моңғолия азаматына тұрмысқа шығып, азаматтық некеде тұра бастаған. Араға біраз уақыт салып, азамат келіншегін тастап кеткен. Енді ол қызын мойындаудан бас тартып отыр.
Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.
Бүгінде Гүлнұр ханымның жалғыз қызы бар. Әкесіз өсіп келе жатса да, оған жоқшылық көрсеткісі келмейді. Осыдан 3 жыл бұрын ол сүйген жігітімен бас қосқан болатын. Заңды некеде тұрмаған соң қызынан әкесі бас тартып отыр. Өзінің жұмыс жасауға денсаулығы да жарамайды. 9 жыл бұрын жол апатына түсіп, бір аяғы екіншісінен қысқарып қалған. Оның үстіне сол қайғылы оқиғадан кейін талма ауруына шалдыққан. Дәрігерлер оған “эпилепция” диагнозын қойған. Гүлнұр енді қызына өз әкесінің тегін алып бергісі келіп жүр.
“2014 жылы үйленіп, азаматтық некеде тұра бастадым. Күйеуім Еңбекші қазақ ауылы, Ақтабан ауылында тұрады. Есімі – Қуаныш Досжан. Өздері Моңғолия елінің тумалары. Бұрын-соңды таныған емеспін. Екеуіміз жарты жыл ғана жігіт-қыз болып жүрдік. Қуаныш құрылыс саласында жұмыс істейді. Менен бір жас үлкен. Үш жыл бұрын ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, анам мені өз қолынан ұзатты. Екі жақ та той жасады. Көп ұзамай аяғым ауыр болды.
Анам осы уақытта жасауымды әкеліп берді. 2015 жылы қызым дүниеге келді. Есімін Кәусар деп қойдық. Бірақ күйеуім қызынан бас тартты. Ол басқа азаматтан туды екен деп ойлады. “Менің қызым емес. ДНҚ тест жасат” деп айтты. Себебін түсіндірмеді. Ол уақытта барлығымыз менің анамның үйінде тұрып жатқан болатынбыз. Бір күні “жұмысқа барамын” деп кетіп, кешке оралмады. Ертесі күні қоңырау шалып, үйге келмейтінін, қызын мойындамайтынын айтты. Әке-шешесіне хабарластық. Олар да алдымызға келмеді. Күйеуім қазір екінші рет үйленіп алды. Яғни екі баласы бар әйелдің қолына кірді.
Тұрмыс құрған соң куәлігінің жоғын сылтауратып, заңды некеге тұрмай қойды. Шариғатқа сай да некемізді қидырмадық. Енді өзімнің артымнан барған жүктерімді қайтарып, қызыма тегін бергенін қалаймын. Осы уақытқа дейін алимент төлеген емес. Қазір Талғар облысы, Кеңдала ауылында тұрып жатырмын. Өзім екінші топтағы мүгедекпін. №4 қалалық ауруханада тоғыз рет ота жасаған. Қазір мүгедек болып үйде жатқаныма тоғыз жыл болды”, – дейді Гүлнұр Майшыбаева.
Қазақстандық заңгер Нұра Тынысқызы бұл ісің оңай шешілетінін айтып отыр. Тіпті, қол ұшын созып, бағыттап жіберуге дайын екенін жеткізді. Десе де, Гүлнұр ханым заңгер жалдап, күйеуін сотқа шақыртқан. Алайда ол сот отырысына келмеген екен.
“Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде сотқа шағымдануыңыз керек. Сот негізінде әкелік құқықты растау жөнінде талапты тапсырғаннан кейін ол азамат міндетті түрде шақыртылуы керек. Ол кісі келген жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл жерде өзінің жеке процедурасы бар. Басты мәселе екі тараптың қарым-қатынасында емес, баланың құқығында болуы тиіс. ҚР Кодексі бойынша балаға қатысты барлық міндеттер орындалуы тиіс. Мұның аса қиындығы жоқ. Қосымша көмек керек болса, мен сізге қосымша кеңес берейін”, – дейді заңгер ханым.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр
Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын
Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді
Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды