Қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова “Балалар Евровидениесіне” қатысады
Қазақстандық балалар “Балалар Евровидениесі” ән байқауына алғаш рет қатысады.
Финал 26 қарашада Грузия астанасы Тбилисиде өтеді, деп хабарлайды “31 арна” компаниялар тобының PR қызметі.
Қазақстанның атынан өнер көрсететін балалардың арасында Данэлия Төлешова да бар. Төлешова — “Балалар жаңа толқыны – 2015” байқауындағы “Гауһар қол” жүлдесінің иегері.
Данэлия Валерия, Жасмин, Нюшс, Lido секілді танымал әншілермен туэт айтып үлгерді. “Голос. Діти” музыкалық байқауынан кейін интернеттің жұлдызына айналды.
Сондай-ақ Евровидениеге біздің елімізден Дания Ишанқұлова, Мұхаммедәли Жүгінісов, Алуа Серікханова, Мария Затварницкая мен Мерхат Жылқыбаев, Музарт Құрманәлі барады.
“Балалар Евровидениесі” халықаралық байқауы 26 қараша күні тікелей эфирде көрсетіледі.
Тағы да оқыңыз:
«Голос. Дети» шоуына қатысқан Данэлия Төлешова бейнебаянының түсірілімінен видео жариялады (видео)
«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді
«Голос. Дети» шоуында Дмитрий Монатик Қара жорға биледі (видео)