Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық алты жасар бала каратэден әлем чемпионы атанды

Алты жасар шымкенттік спортшы Джаноб Гафуров каратэден әлем чемпионы атанды. Үндістанның Мумбаи қаласында өткен сайыста ол өз қатарластары арасында үздік танылды.

b0fc37a164517a70876cc383b4d3b741

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

«Төрт жасқа толған соң ұлымызды каратэ үйірмесі бар жеке меншік бала-бақшаға бердік. Бапкерлері оның қабілетін байқады, бір жылдан кейін оны «Томирис» каратэ клубына, тәлімгер Жанбота Ташеноваға ауыстырды», – дейді чемпионның әкесі Джамшед Гафуров.

Әлем чемпионатына жолдама алу үшін Джаноб Гафуров үш ай бойы күніне алты сағаттан жаттыққан. Олжа оңайлықпен келген жоқ. Мумбаиде өткен жарыста ол алтын медальға қол жеткізді.

56792e1231c5ded24bd0a04b448904cc

«Аталмыш сайысқа әлемнің 20 елінен келген спортшылар қатысты. Джаноб бізге: «Алаңдамаңыздар, мен бірінші орын аламын» деген еді. Сөзінде тұрды», – дейді «Томирис» клубының бас жаттықтырушысы Гүлнар Төлегенова.

03f646b030626fd97e76d4134119bbe4

Енді Джаноб Гафуров 10 қарашада Францияда өтетін чемпионатқа дайындалып жатыр.

Ирина Галушко

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы облысының әкімі Паралимпиада жүлдегеріне автокөлік тарту етті (фото)

Шотландиялық боксшы алған нокауттан соң ауруханада көз жұмды

Айсұлтан Назарбаев Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізгісі келеді

Головкин Астанадағы екі пәтерін сатпақшы

Талқылау