Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер адам өлтірді деген айыппен 11 жылға сотталып кетті

Көрермен көзайымына айналып үлгерген телехикаяларда ойнаған қазақстандық актер адам өлтіргені үшін сотталып кетті. «Айман Шолпан» және «Өгей жүрек» телехикаяларында бой көрсеткен Нұржан Тойлыбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тойлыбаев-090217

Бұл туралы Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

“7 ақпандағы Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен  Тойлыбаев Нұржан Қылмыстық кодекстің 199 бабы бойынша кінәлі деп табылып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылсын”, –  деген сот қаулысында.

38 жастағы ер адам бұған дейін де адам зорлағаны және бұзақылық жасағаны үшін сотталған, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кететін жайт, Тойлыбаев көбінесе бұзақы мен қарақшылардың рөлін сомдаған. Оның Instagram-дағы парақшасында түсірілім алаңында танымал қазақстандық актерлермен бірге түскен суреттері жетерлік.

Қылмыскер Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында қылмысты жасаған күні досымен бірге түсірілімнің аяқталғанын тойлағанын айтып берген. Дәл сол күні адам өлімімен аяқталған қылмыстық оқиға болған.

Актерді өзі соттың үкімімен келіспейді, ол аппеляциялық шағым түсірмек ниетте. Ол өзін қорғау мақсатында абайсызда кісі өлтіріп қойғанын айтып отыр. Айтуынша, оның бұл сөзін растайтын куәгерлері де жетерлік.

“Оқиға 2016 жылдың 10 қыркүйегінде болды. Бір жобаның түсірілімінің аяқталғанын досым екеуміз атап өтпекші болдық. Кәуәпханаға кірдік. Көршілес үстелде бірнеше адам отырды, солардың бірі бізге сөзбен тиісе бастады. Маған «Ди Каприо емессің, жұлдыз болмай-ақ қой» деген сынды әңгімелер айтты. Ол (көз жұмған Мұрат Карслиев) біздің жанымызға келіп отырып алды. Сөзге келіспей қалдық. Ал сыртқа шыққаннан кейін ол қасындағы жолдастарымен бірге пышақпен және штопормен шабуыл жасады. Өзімді қорғайын деп мен мангалдан көсеуді алып, оның басынан ұрдым. Ол жерге құлап түсті. 20 минуттан кейін оны жедел жәрдем алып кетті. Ол қайтыс болыпты. Мен қашып кетіп, 4 ай бойы жасырынып жүрдім», – дейді Тойлыбаев.

Өткен жылдың желтоқсан айында ол жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Алдымен «адам денсаулығына қасақана залал келтіру» бабы бойынша айыпталған актерге кейіннен адам өлімі айыбы тағылды.

Тойлыбаевтың айтуынша, тергеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта көз жұмған азаматтың жұбайы Малика Карслиеваға үй, сондай-ақ жер ұсынылды. Алайда ол бас тартып, 10 миллион теңге көлемінде ақша талап етіп отыр.

Мурат Карслиев инженер-монтаждаушы болып жұмыс істеген. Ол отбасымен бірге Фабричный ауылында тұрған. Мұраттың артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Малика Карслиеваның айтуынша, сот күдіктінің екі миллион теңге өтемақы төлеуі туралы шешім шығарған.

«Мен жалғыз асыраушымнан айырылып, кәмілеттік жасқа толмаған төрт бірдей баламен қалдым. Мұрат монтаждаушы болып жұмыс істейтін. Ұялы байланысты орнататын. Қыркүйек айында біз одан айырылып қалдық. Олардан сондай лашықта өздері тұрар ма еді деп сұрадым. Одан басқа ештеңе ұсынған жоқ. Тек бір рет бір қап картоп, ұн мен азын-аулақ азық-түлік әкеліп берді. Бар көрсеткен көмектері осы. Ал куәгерлерге келсек, Мұратты досы Нұржанның бірінші шабуыл жасағанын айтып отыр. Қатты ұрғаны соншалық, оның бас сүйегін зақымдаған. Менің күйеуімнің қолында ол айтқандай пышақ та, штопор да болмаған. Оның куәгерлері сөзден жаңылысып жатыр. Біресе үлкен пышақ, біресе кішкентай жиналмалы пышақ дейді. Сөздері сәйкес келмейді», – дейді әйел.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова намаз оқығанын жаһанға жария қылатындарды сынап тастады

Ерлан Орынбасаров өз отбасын өзі ойрандаған жұлдызды сынады

Гүлзира Айдарбекова хан сарайындай үйін көрсетемін деп сынға ұшырады

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Талқылау