Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров өз отбасын өзі ойрандаған жұлдызды сынады

Әнші Ерлан Орынбасаров бала күнінде басынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Ол оқушы кезіндеқара жұмыс істеп ақша тапқанын әңгімелеп берді. Бұл ретте ол еңбектің арқасында отбасын ерекше қадірлейтінін айтты. Әнші соңғы жаңалықтарды көргенде шошып қалғанын жеткізді.

Orynbasarov-090217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Орынбасаров отбасын ойрандаған қазақ жұлдызы туралы пікірін білдірді.

«Бала кезімде әке мен анаға еркелейтін шақтан өте… Әкеміз еңбекке үйретті, пысықтық пен уақытты босқа өткізбеуді құлақ қағыс ретінде жиі айтатын! Мектеп қабырғасында жүргенде сабақтан соң қара жұмыс жасап ақша табатынмын, тапқан табысыма күнде үйге бөлке нан әкелетінмін. Осы еңбек мені отбасына еңбек етуге,отбасыңды ерекше құрметтеп сүюге тәрбиеледі. Мен үшін отбасы ең бірінші орында, қандай жағдай болмасын! Қазір Аллаға шүкір отбасым, бауырларым, барлығына шүкір. Инстада жаңалық көп! Солардың бірі ойымнан шықпайды. Отбасын қатты жақсы көретін азаматқа әйелі біраз жылдан соң «я разлюбила тебя» десе өте ауыр соққы осы шығар! Алла Тағалам сақтасын! Артық кетсем Алла Тағалам кешірсін», – деп жазады Ерлан Орынбасаров.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова хан сарайындай үйін көрсетемін деп сынға ұшырады

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

“КешYOU” тобы енді рэп орындайды

Сәкен Майғазиев өзінің «жігіттігіне» күмән келтірген сыншыларға жауап берді

Талқылау