Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әке бесікте жатқан қызын лақтырып сал қылды

Қазақстандық әйел өзін 6 жыл бойы жәбірлеп келген күйеуі туралы айтып берді. Ол тіпті балаларын да ұрады екен. Екі жыл бұрын туған қызын бесіктен лақтырып, сал қылып тастаған.

фя

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Әсемгүл Балтабаева Қызылорда қаласының тумасы. 29 жастағы әйелдің тұрмыс құрғанына биыл 6 жыл толды. Үш баласы бар. Кіші қызы 2 жаста. Күйеуі оны аяусыз соққыға жығады екен. Соңғы бірнеше жылда ол балаларын да ұратын болған. Тіпті, кенжесін бесікте жатқан жерінен лақтырып, сал қылған. Келіншек аталған бағдарламаға көмек сұрап келген екен.

“Мен бұрын бір рет тұрмыста болғанмын. Алғашқы некеден бір ұлым бар. 2011 жылы екінші рет отбасын құрдым. Күйеуім өзімнен 12 жас үлкен. Бұрын үйленбеген. Ал менің бірінші отбасымнан бір ұлым бар. Басында барлығы жақсы болды. Заңды некеге тұрып, ұлымды өзінің атына жаздырды. Бірақ 2-3 ай өткен соң балама тиісе бастады. Ұлым ол кезде 5 жаста болатын. Қазір 12-де. Бірнеше рет оған күйеуімнің қол көтеріп жатқанын байқап қалдым. Отбасында осындай жағдайлар болатын шығар деп мән бермедім. Ересек азамат болған соң, өмірді түсінеді деп ойладым. Ұлым жылай берген соң, оны анама жібердім. Араға 4-5 ай салып, күйеуім мені қайтадан ұра бастады.

Бұл жолы “Сен бала көтермейсің” деп тиісті. Үйге келген таныстарымыздың көзінше мазақ қылуды шығарды. Өзі жұмысқа кеткенде, мені сыртымнан құлыптайтын. Келген соң құлыптап кеткеніне қарамастан, “Үйге мен жоқта кімді кіргіздің?” деп шу шығарады. Әйтеуір ұруға сылтау табады. Құдды ер адамды ұрғандай сабайды. Екінші ұлымды көтерген кезде, бұл әдетін қоятын шығар деп ойладым. Ол керісінше мені диванда жатқан жерімнен лақтыруды шығарды. Қан кетіп, ауруханаға түстім. Бес күнге толмай мені үйге шығарып алды. “Маған бала туып беретін әйелдер көп. Сен дандайсый берме!” деп ұрып, үйіме қуып жіберді. Екінші күйеуден қайтып баруға ұялдым”, – дейді Әсемгүл Балтабева.

Әйелдің ата-енесі тірі екен. Оның күйеуінің әкесі де кезінде әйелін аяусыз ұратын болған. Тіпті, бір рет түрмеге отырып шыққан. Ақарында ажырасып тынған. Әкесі де, анасы да екінші рет отбасын құрған. Анасының бүгінде 6 баласы бар.

“Біз үйленбей тұрып мені анасымен таныстырды. Көп уақыт бойы араласпай кеткен екен. Күйеуім өгей бауырларымен жақсы араласады. Оларды “қарындастарым” деп ерекше жақсы көреді. Ал туған әкесімен бір ауылда тұрамыз. Күйеуім бір жерде ұзақ жұмыс істей алмайды. Кейде дүкенде, кейде жанармай бекетінде жұмыс істеді. “Мен түнгі кезекке кеткен кезде сен басқа еркекті кіргізіп аласың” деп одан да шығып кетті. Ал менің әкем ерте қайтыс болды. Ол кісі анама зорлық-зомбылық көрсеткен емес. Әкем ауырып, көзі көрмей дүниеден өтті. Анам, әпкем мен сіңілім, ағам мен бауырым бар. Бірақ біз үйленген жылы әкем тірі болды. Сол кезде зорлыққа шыдамай, сотқа беріп ажырастым. Артынша ол туыстарын жинап әкеліп, менен кешірім сұрады. Әкем оның осы сөздеріне сеніп, мені қайтарды. Алайда мен оған бірден сенбедім. Көп уақыт некесіз бірге тұрдық. Өстіп жүріп аяғым ауыр болды. 2013 жылы қайтадан заңды түрде некелестік. Араға 10 күн салып тағы да ұра бастады. Үшінші баламды алдырып үлгермедім. Дәрігерлер түсік жасайтын мерзімнен өтіп кеткенін айтты. Бір шетінен балаларымды әкелерінен айырмайыншы деп ойлаймын”, – дейді жәбірленуші.

Қызы дүниеге келген соң, ер-азамат оған да тиіскен. Қаңтардың қақаған аязында терезені ашып тастайтын болған. “Саған қыз ту деген жоқпын. Көшеде жүретін жаман қыз болады” деп ұрысқан.

“Бір күні қызымды бесікке байлап, бел жағын ақырын босатып қойдым. Күйеуім оны бесігімен бірге қонақ бөлмеге қарай алып кетіп бара жатты. “Қайда барасың?” деп едім, бесіктегі баланы жұлып алып, лақтырып жіберді. Мен қызымды аяғынан ұстап үлгердім.  Белі қайырылып, басымен құлады. Содан бір күн бойы жылады. Бастапқыда не болғанын білген жоқпын. Күйеуім кетіп қалған кезде, жедел жәрдем шақырдым. Ол қайтадан хабарласып, “Жедел жәрдемді қайтар, мен бара жатырмын” деп ұрысты. Қызымның аяқ-қолы жансызданып, көзінің қарашығы жоғалып кетті. Көрші әжеге жүгіріп бардым. Ол кісі жылдам дәрігерге апаруым керектігін айтты. Милиция шақыртуға қорықтым. Дәрігерлерге де шындықты айтқан жоқпын. Соның өзінде ауруханаға келіп, аузымнан теуіп талдырып кетті. Есімді жисам, медбикелер қызымды көтеріп жүр екен. “Үйіңізге кетіңіз. Күйеуіңіз тағы келіп мазаңызды алады” деп қайтарып жіберді. Анамның үйіне бара алмадым. Кімнен көмек сұрайтынымды білмеймін. Көршілеріммен де араластырмайды. “Сен сол үйдің еркегіне барып жүрсің” деп мазамды алады”, – дейді Әсемгүл ханым.

фц

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева жағдайды естіп отырып қайран қалды. Бұл ситуацияда дәрігерлердің де айыбы бар екенін айтты.

“Сіздің балаңыз педиатрдың есебінде тұрады. Үш айға дейін барлығы жақсы болды. Сол жерде “Балаға аяқ астынан не болды?” деп сұрамады ма? Ауруханаға соққы алып түсіп отыр. Дәрігерлер Ішкі істер органдарына хабарласулары керек еді”, – дейді ол.

“Мен ол кезде дәрігерлерге күйеуімнің қызымды лақтырғаны туралы айтпадым. Өздігінен талмасы ұстап, жылай берді дедім. 2 жастағы қызым жүрмейді. Аяқ-қолының жаны бар, бірақ басын тік ұстай алмайды. Тек қана жатады. Қызылордадағы дәрігерлер 5 күннен кейін “Адам болмайды. Қалаған жақтарыңа апара беріңдер” деп шығарып тастады. Туған атамнан 100 мың қарызға алып, артынша қайнымнан да көмек сұрадым. Пойыз арқылы қызыммен Астанаға келдім. Іш-құрылысы сау, көзі көреді. Тек басын ұстап отыра алмайды. Бір күні профессор мені шақырып алды. “Мына балаға не болды? Сендер құлатып алғансыңдар ғой? Шындықты айт!” деді. Күйеуімнің бесіктен лақтырғаны туралы айттым. Қызым күніне 20 минуттан артық ұйықтамайтын, қазір жақсы болып қалды. Көпке дейін екінші рет ажырасуға намыстандым. Қазір ажырасқым келеді. Өліп кетсем, балаларымды оған сеніп тапсыра алмаймын”, – дейді әйел.

Күйеуі осы уақытқа дейін енесін де, яғни Әсемгүл ханымның анасын да соққыға жыққан. Осыдан кейін 5 күн түрмеде отырған екен. Бүгінде әйелдің денсаулығы сыр беріп, емделіп жүр.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау