Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық академик Ресейден келетін сүтті ішпеу керектігін айтты

«Қазақ тамақтану академиясы ҚБ» ЖШС президенті Төрегелді Шарманов сиыр сүтінен неліктен тартыну керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

aa-4-768x512

«Бие сүтінен айран, йогурт, балмұздақ жасай аламыз және бұл өнім пайдалы, себебі олардың құрамында трансмай қышқылдары жоқ. Жылқы сүтінің ерекше қасиетіне тоқталсақ, жалпы онда трансмайлары болмайды.  Сиырдың сүтінің өзінің құрамында табиғи трансмай қышқылы бар, оның денсаулыққа келтіретін зияны зерттелген. Сондықтан бие сүтінің табиғи тәттілігінің арқасында түрлі өнімдерді шығаруға мүмкіндік мол»,-деді Шарманов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде асқындап тұрған аурулардың бірі  – ол диабет, қан қысымы дерттері. Осы ретте бірқатар аурулардың туындауына трансмай қышқылының әсері бар көрінеді.

«Бие сүтінен айран, йогурт, балмұздақ жасай аламыз және бұл өнім пайдалы, себебі олардың құрамында трансмай қышқылдары жоқ. Жылқы сүтінің ерекше қасиетіне тоқталсақ, жалпы онда трансмайлары болмайды.  Сиырдың сүтінің өзінің құрамында табиғи трансмай қышқылы бар, оның денсаулыққа келтіретін зияны зерттелген. Сондықтан бие сүтінің табиғи тәттілігінің арқасында түрлі өнімдерді шығаруға мүмкіндік мол»,-деді Шарманов.

«Сүтті біз күнделікті пайдаланамыз. Сонымен қатар атап өтер тағы бір жайт, бүгінде сиыр сүті таза емес. Мәселен, ресейлік сүт өнімдері алдамшы тағамдар және мұны Ресей тарапының мамандары өздері де мойындап отыр. Сондықтан бұл бүгінде денсаулыққа қауіп төндіріп тұрғаны анық. Осы орайда халыққа тек таза өнімдерді ұсыну алда тұрған үлкен міндет»,-деді Шарманов.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде кейбір йогурт пен қойытылған сүт өнімдері денсаулыққа зиянды болып шықты

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді

Талқылау