Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Никита Абдрахманов Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы 102 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың нәтижесінде 369 келі (164+205) салмақты бағындырды.

applewin

Бұған дейін ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (73 келі) алтын, Нұрдос Сабыр (89 келі), Таисия Алексеева (64 келі) күміс, Дарья Балабюк (55 келі), Нұрасыл Арапбай (67 келі) қол жүлде алған еді.

Дүбірлі додаға әлемнің 57 келінен 268 спортшы келген.

Жарыс 1 сәуірде мәресіне жетеді.

Талқылау