Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандықтың" орнына "қазақ": Депутат қазақстандықтардың төлқұжаттарында ұлтын көрсетпеу қажет екенін айтты

Қазақстанның барлық азаматтары ұлтына қарамастан қазақстандық емес, қазақ деп аталмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Курсив” басылымына сілтеме жасап. 

паспорт

Бұл өзгеріс "Ұлт құру" атты жаңа бағдарлама аясында ұснылып отыр. Сондай-ақ, депутаттар азаматтардың төлқұжаттарынан "ұлты" деген жолды алып тастап, тек азаматтық тиесілігін қалдыруды ұсынып отыр. 

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым соңғы кездері Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайдың күрт өзгергенін, билік алдында барлығын біріктіретін азаматтардың жеке басын қалпына келтіру міндеті тұрғанын түсіндірді.

"Енді талқылаулар жүргізіп, қазақтың кім екенін, олардың тарихи жауапкершілігі қандай, халықты қалай біріктіретінімізді қайта қарауымыз керек. Дүние жүзіндегі адамдар біз туралы не айтады? Орыс текті қазақтар, корей текті қазақтар деген ұғым бар. Әркім өз қалпында қалады. Бірақ ұлттық болмысы қазақ болуы тиіс", – деп түсіндірді депутат.

Айдос Сарым Республиканың барлық азаматтарын "қазақстандықтар" деп атаудың орнына "қазақ" деп атауға көшуді жақтайтынын айтты.

Депутат қазір қазақтардың өзі ел алдындағы тарихи жауапкершілігін түсініп, мойындағаны маңызды екенін атап өтті. Олар өздерін ұлтшылдығы езілген азшылық сияқты ұстауды қойып, айналасындағылардың барлығын біріктіру миссиясын алуы қажет дейді ол. Сонымен қатар, бұл процесс, азаматтардың тіл, ұлт және мәдени қажеттіліктерге нұқсан келтірмей өтуі керек.

Депутат Қазақстан түрлі ұлт өкілдері жайлы өмір сүріп жатқан санаулы елдердің бірі екенін еске салды. Түрлі тілде оқытатын мектептердің жұмысын мемлекет қаржыландырады, ал орыс мектептерінің саны бойынша республика ТМД-да Ресейден кейін көш бастап тұр.

"Елдің жас ұрпағы өз болмысын тағы да дәлелдеп, қазақ болғысы келетінін алға тартады. Мұны ескеру керек. Біз төлқұжаттарда ұлтты көрсетпеуді ұсынамыз, жай ғана Қазақстан Республикасының азаматы деп жазылады. Ішкі құжаттарда, жеке куәліктерде ұлтты көрсетуге болады", - деп түйіндеді сөзін Айдос Сарым.

Дана Русланқызы
Жұма, 28 Сәуір, 2023 20:11
Талқылау