Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда парақорлар жайлы хабар бергендерге 11 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара туралы ақпарат бергені үшін қазақстандықтарға шамамен 34 миллион теңге береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтып берді. 

"Биыл 213 адамды марапаттауға бюджеттен 33 900 000 теңге бөлінді. Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 адамға 1 306 740 теңге сыйақы берді", - деді Данияр Биғайдаров.

Сонымен қатар ол ынталандырудың жаңа ережелері туралы айтты.

"ЭЫДҰ елдерінің (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланған сомаға айналды. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК- тен (2 млн 778 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды", - дейді ол. 

Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 112 мың теңге). Бұрын көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 есептік көрсеткіштен (277 мың 800 теңге) аспаған. Соңғы 2 жылда (2019 жылдан 2020 жылға дейін) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарымен жалпы сомасы 58,9 млн теңгеге 396 азамат ынталандырылды.

2019 жылы – 31,8 млн теңге сомасына 214 тұлға.

2020 жылы – 27,1 млн теңге сомасына 182 тұлға.

"2020 жылы көтермеленгендердің ішінен – 122 адам ауыр қылмыс жасау туралы хабарлады; ауырлығы орташа істер бойынша – 55 адам; онша ауыр емес істер бойынша – 2 адам; және 3 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін көтермеленді", - деді Биғайдаров.

Талқылау