Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл етік сатып алу емес": Қазақстандықтарға зейнетақыны алу бойынша бірқатар кеңес айтылды

"Отбасы Банкі" Басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге алу бойынша бірнеше кеңесті атап өтті. Ол халықтың бір бөлігіне зейнетақыны пайдалануға асықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Уақыт бойынша шектеу (БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін. - авт.) жоқ. Сондықтан, 8 қаңтарда, біз жоспарлап отырғанымыздай, портал ашып, барлығына сол жерде өтінім берудің қажеті жоқ. Бұл етік сатып алу емес. Бұл тұрғын үй мәселелерін шешу. Біз мұқият қарауымыз керек", - деді Ибрагимова Facebook-тегі парақшасында.

Зейнетақы қаражатын алуды жоспарлағандарға банк басшысы өтінішті кейінірек беруге кеңес береді, себебі, айтуынша, кейінірек алуға болатын сома көбірек болады.

"Мен ипотека төлейтіндерді түсінемін және қосымша пайыз жиналмауы үшін олар тез арада өтініш бергісі келетіні қалыпты. Оларды түсінуге болады. Ал зейнетақы жинақтарын пайдаланатындар, керісінше, кейінірек өтініш берсе тиімдірек болады, кейін олардың алуға болатын сомасы көбейеді. Біз жыл соңына дейін жұмыс істейтін боламыз. Келесі жылдың бірінші қаңтарында жеткіліктілік бойынша жаңа коэффициент жарияланады, және бұл бағдарлама, менің түсінуімше, заң бойынша әрдайым жұмыс істеп тұрады. Сондықтан есептеңіз, отбасыңызбен отырып ақылдасыңыз, ағайын-қарындастарыңызда қанша, ата-анаңызда қанша бар екенін көріңіз және салмақты шешім қабылдаңыз",  -  деді ол тікелей эфирде.

Еске салсақ, Ләззат  Ибрагимова Facebook-те трансляция өткізді, оның барысында пайдаланушылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануы туралы сұрақтарына жауап берді.

Зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау 8 қаңтарда басталуы мүмкін.

2021 жылдың қаңтарында "Отбасы банк" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосады, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.

Банк Басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, пайдаланушыға қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және өзінің зейнетақы жинақтарын жұмсаудағы мақсаты жеткілікті болады.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 06 Қаңтар, 2021 21:20
Талқылау