Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға "Ұлттық қауіпсіздік комитетінен" түсетін "қоңыраулар" туралы ескертілді

Қазақстанда телефон қоңырауы арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Соңғы кезде олар өздерін азаматтарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріміз деп таныстыратын болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kislovodsk-kurort.org

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қоңырау шалушылар азаматтардан қаржы операцияларын жүргізуге көмектесуін сұрайды. Шын мәнінде олардың мақсаты азаматтың қаражатын заңсыз алып қою дейді.



"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға несие ұсынуға, ақша аударуға немесе басқа да қаржылық операцияларды жүзеге асыруға құқығы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген комитет хабарламасыеда.

Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қоңырау түскен кезде қазақстандықтарға полицияға хабарласуға кеңес беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда OLX пен Kaspi.kz арқылы алаяқтардың арбауына түскендер өз тәжірибесін бөліскені туралы жазған едік. 

Талқылау