AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға үш мемлекетке визасыз режим ашылды

Премьер министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нью-Йорктегі Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының іс-шараларына қатысып, үш елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сырткы істер министрі

Министр Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хельга Шмидт, Нидерланды сыртқы саяси ведомстволарының басшысы Вопке Хукстра, Парагвай өкілі Хулио Рамирес, Доминикан Республикасынан Роберто Альвареспен, Албаниядан Олта Джачкамен және Біріккен Араб әмірлігінің өкілі Абдалла Әл Нахайянмен бөлек келіссөздер жүргізген. Тараптар аталған елдермен және ұйыммен екі жақты келісімдердің қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Доминикан Республикасымен ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге, ал Албаниямен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келіссөз жасалды.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі Нью-Йоркте Тілеубердінің теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының жыл сайынғы министрлер жиналысында сөз сөйлегенін атап өтті. Қазақстан – аумағы бойынша теңізге шыға алмайтын ең үлкен ел және бір жыл бұрын аталмыш топтың төрағасы болған.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр