AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға тіл тигізген: Павлодар тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін қамауға алынды

Павлодар қаласының атын өзгерту туралы петиция астына пікір қалдырып, қазақстандықтарға тіл тигізген қала тұрғыны қамауға алынды. 59 жастағы ер адам өз қылығына өкінетінін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodar News басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты әлеуметтік желіде ел тұрғындарының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін пікірлері үшін 59 жастағы қала тұрғынына қатысты істі қарады.

Instagram желісінде ер адам ел азаматтарына тіл тигізіп, қорлайтын пікір қалдырған. Павлодар тұрғынының бұл әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылған. 

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Ол Instagram желісінде Павлодар қаласының атын өзгерту туралы петицияда Қазақстан тұрғындарының атына қорлайтын пікірлер қалдырғанын және сол қылығы үшін өкінетінін түсіндірді.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр