Қазақстандықтарға өз зауытын салуды ұсынды
"Самұрық-Қазына" қоры отандық кәсіпкерлерге оффтейк-шарттар арқылы өнімді өткізуге кепілдік бере отырып, өз зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Қуат Қожахметовтың айтуынша, дағдарыс кезінде оффтейк-шарттар - бизнес үшін ең қолайлы механизм, ол бір жылдан артық келісім-шарттарды алуға мүмкіндік береді. Мұндай шарттар өндірушіге сатуға, ал компанияларға әлі өндірілмеген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.
"Банктер бизнеске берілетін оффтейк-шарттарды жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға кепіл ретінде қарастыратын болады. Кәсіпорындарда өнімнің нақты көлемін кепілді өткізу пайда болады", - деді Қуат Қожахметов.
Қазір тұрақты қажеттілік бар, бірақ Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар пулы қалыптасып жатыр. Тізбе ұзақ мерзімді қажеттіліктің жалпы көлемі 250 миллиард теңгеден асатын 1200-ден астам позицияын қамтиды. Компаниялар пулді кеңейту бойынша ұсыныстар енгізе алады. Сондай-ақ, компаниялар Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістерді "Самұрық-Қазына Инвест" арқылы бірлесіп қаржыландыра алады.
Қазіргі таңда 22 миллиард теңгеге 35 шарт жасалды, 2018-2020 жылдары жеке инвестициялар көлемі 220 миллиард теңгені құрады. Бұл жобаларда 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
