Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға неге коронавирусқа қарсы вакцина тегін берілмейді: Министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазақстандықтар не себепті коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алмайтынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол вакцина елімізге келетін болса, ол тек ауруының қауіптілігі жоғары науқастарға ғана тегін берілетінін айтты. Ал денсаулығы жақсы қарапайым халыққа тегін вакцина берілмейтінін жеткізді. 

"Қазақстанда 2,2 миллион адамнан тұратын қаупі жоғарғы топ бар. Бұл жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, оның ішінде 65 жастан асқан азаматтар, қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар адамдар. Сондықтан сау адамдар бұл тізімге кіруге тырысуы керек пе, білмеймін. Белгілі бір әлеуметтік ережелер мен заңдар бар. Бұл менің жеке пікірім, әлі айтарлықтай нақты ереже жоқ", - дейді Қожахметов. 

Оның айтуынша, дені сау, жұмыс істейтін адам өзін қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар, ол азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен вакцинациялауды ұсынды.

Сонымен қатар, елімізде коронавирус жұқтырғанымен, басқа аурулардың немесе оқыс оқиғалардың кесірінен көз жұмғандар туралы ақпарат жарияланды. 

"Бұл ақпарат әлі жаңартылған жоқ. 20 шілдедегі мәлімет бойынша 319 коронавирус ауруын жұқтырғанымен, басқа аурудан қайтыс болған. 68 пайызы жүрек-қан тамырлары ауруларынан, 4,7 пайызы онкологиялық аурулардан қайтыс болды. Жүйке жүйесі - үш пайыз. 319 адамның бір пайызы өмірге сәйкес келмейтін жарақат салдарынан қайтыс болды", - деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр