Қазақстандықтарға көшеде де бетпердені шешпеуді ұсынды

Қазақстандықтарға тіпті көшеде де қорғаныш бетперделерін алмауға кеңес берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Оның айтуынша, қазір кейбір халықаралық ғалымдар коронавирус тек жұқтырған адамнан ғана емес, сондай-ақ ауа арқылы да берілуі мүмкін деп болжайды.

"Ғалымдар жұқтыру жолдарын қайта қарау үшін ДДСҰ-ға жүгінеді. Олар вирустың ауада болуы және аэрозоль арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы зерттеулер жүргізді. Біз сізге көшеде бетперде киюді ескертеміз. Біз қазір адамдар көп жиналатын орындарға кіргенде ғана бетпердені киіп, көшеде  кимейтінін байқаймыз", - деді дәрігер.

Нұрила Малтабарова маскаларды жаппай жиналатын жерлерде ғана емес, тұрақты түрде кию керектігін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігер бетперделерді жиі ауыстыру қажеттілігі туралы еске салды.

Еске сала кетейік, шілденің басында құрамында 32 елден 239 маман бар ғалымдар тобы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшылығына ашық хат дайындады, онда жаңа коронавирустың ауа-тамшы жолымен және ауада ұзақ уақыт кідіріп берілуі мүмкін деп тану ұсынылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр