Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін қанша қаражат керек? Министр жауап берді
Қауіп тобына кіретін қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін 47 миллиард теңге қажет. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой Ақордада өткен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Республика халқын коронавирус инфекциясына қарсы иммундау үшін вакциналарды өндіруге және сатып алуға Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен тәуекел топтары әртүрлі 3,6 миллион адамды вакцинациялау үшін 47 миллиард теңге сомасында қаржы қаражатының қажеті айқындалды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Министр қазіргі уақытта әлемде 200-ге жуық кандидат вакцина бар екенін, бірақ олардың тек 42-сі ғана клиникалық сынақ сатысында екенін, оның ішінде 5 вакцина - қазақстандық өндірістен шыққанын атап өтті.
ДДСҰ болжамынша, жаңа коронавирусқа қарсы тиімді вакцина 2021 жылдың бірінші тоқсанына дейін шықпайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”