Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір адамға қанша SIM-карта қолдануға рұқсат

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір адам қолдана алатын SIM-карталар санына шектеу қою мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

“Алаяқтықпен күресу үшін бір жеке тұлға тіркелген тек 10 SIM-карта пайдалана алады. Осы ретте SIM-карталарды пайдалану мақсаттарын растайтын құжатты байланыс операторына ұсынған жағдайда, олардың санын көбейтуге рұқсат етіледі”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының ұсынысына сәйкес, заң жобасы аясында жұмыс тобында SIM-карталарды тіркеудің тәсілдерін кеңейту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.



Сондай-ақ заңнамалық түзетулер жобасында алаяқтық әрекеттерде қолданылатын GSM шлюздерін пайдаланумен күрес жөніндегі ұстанымдар белгіленген. Сонымен қатар жеке тұлғаның нөмірді қайта шығармайынша үшінші тұлғаларға беруіне жол бермеу туралы ереже бар.

Бұған дейін Қазақстанда SIM-карта тіркегендерді биометриялық тексеруден өткізу ұсынылған еді. 

Талқылау