Қазақстандықтарға алдағы күндері байланыс пен телевидениенің нашарлайтыны ескертілді
Қазақстандықтарға қазан айында байланыс және телерадио хабарларын тарату сапасының нашарлауы туралы ескертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарайды.
Сурет pexels-тен
"Қазтелерадио" АҚ-ның мәліметінше 8-16 қазан аралығында байланыс сапасының нашарлауы күтілуде.
"Қазтелерадио" АҚ 2023 жылдың 8 қазаны мен 16 қазаны аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуінен байланыс, хабар тарату арналарының сапасының ықтимал нашарлауы туындайтынын жеткізеді", – делінген хабарламада.
Күн кедергісін KazSat сериялы ғарыш аппараттарындағы антенналарға арналған есептеу бағдарламасынан бақылауға болады.
Талқылау