Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше Telegram-бот қазақстандықтардың жеке деректерін таратып келген

Қазақстанда тұрғындардың жеке деректерін таратқан сегіз Telegram-бот бұғатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтарға мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және танымал етпеуге, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді дереккөздер мен әлеуметтік желілерде қалдырмауға кеңес берді.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Telegram-боттардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде сегіз Telegram-боттың қызметіне тосқауыл қойылды", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Мұндай боттарды пайдаланғандардың аты-жөні, лақап аты, өзі туралы ақпараттары сақталып қалады. Соның кесірінен боттың иелері есептік жазба мен хабарламаларға қол жеткізуі мүмкін.

Министрлік мұндай Telegram-боттар-ды байқаған жағдайда тікелей хабарлауды сұрайды.

Бұған дейін Telegram-да қазақстандықтар туралы жеке ақпарат беретін боттар болған. Олар адамның мекенжайын, телефон мен жұмыс орнын анықтап береді. Министрлік барлық жағдайларды анықтап, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға уәде берді.

Талқылау