Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жартысынан көбі өмір сүру деңгейіне қанағаттанбайды – Статистика

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар арасында сауаллнама жүргізді. Нәтижесінде 2023 жылы өз өмір сүру деңгейіне қанағаттанған  қазақстандықтардың үлесі 41,8 пайызды құраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сауалнама нәтижелерін Бірінші Несие Бюросы талдады.

Сарапшылар мұндай нәтижелердің ең алдымен қаржылық жағдайға байланысты екенін айтады. Себебі сауалнама берушілердің үштен бір бөлігі ғана қаржылық қиындықтары жоқ екенін айтқан.

Ал азаматтардың жартысынан көбі кәсіби қызметіне көңілі толмайтынын жеткізген. Тек 47,9% адам өз жұмыстарына қуана баратыны белгілі болды.

"Тағы бір маңызды фактор - денсаулық сақтау саласының сапасы. Оған респонденттердің 39,9 пайызы ғана шағымданбайды. Қоршаған ортаны да ұмытпайық. Атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасы қазақстандықтардың 42,9 пайызын ғана қанағаттандырады", - деп атап өтті конструкторлық бюро.

Нәтижеге баспана мәселесі де әсер етті. Сауалнамаға қатысқандардың 20,5%-ының ғана баспанасы бар.

“Қазақстандықтардың жалпы өміріне қанағаттану деңгейі екі жыл қатарынан төмен деңгейді көрсеткен. Он жыл ішінде ол 1,8 есеге (34,2%-ға) азайды”, – деп қосты сарапшылар.

Талқылау