Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде қазақстандықтардың нөмірлер базасы сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандық нөмірлер базасының сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

БАҚ-та қазақстандықтардың телефон нөмірлерінің деректер базасы желіде сатылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Нөмірлердің санына қарай екі мың теңгеден және одан жоғары бағаға сатып алуға болады. Базаны қала немесе аймақ бойынша ғана емес, сонымен қатар қалаған аудитория – белгілі бір жастағы ерлер немесе әйелдерді таңдауға болатыны айтылған.

"Цифрлық даму министрлігіне азаматтардан олардың абоненттік телефон нөмірлерін интернетте заңсыз таратуға қатысты ешқандай шағым түскен жоқ", – деді министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитеті.

Комитет жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері тек жәбірленушінің өтініші бойынша қозғалатынын атап өтті.

"Егер деректері таратылған субъектілерден өтініштер болса, ақпараттық қауіпсіздік комитеті әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарауға дайын", – делінген хабарламада. 

Талқылау