Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Несие рақымшылығын жасау - мәселені шешпейді

Елімізде жаппай несиені кешіру туралы депутаттардың бастамасы қызу талқыланып жатыр. Енді бірі мұны қолдаса, бірі қарсылық білдіруде. Ал сарапшылар бұл қадам дұрыс емес дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Ақпарат" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сарапшы мамандар жаппай несиені кешіруді қолдамайды. Өйткені мемлекет есебінен борышты өтеу мәселені шешпейді. Одан гөрі жұмыспен қамтуды дамытып, жұрттың жағдайын жақсарту керек дейді экономистер. Айтуларынша, несиеге рақымшылық жасау уақытша нәрсе, қарыздарын кешірсе халық та қайта қарыз алуға әуес болады дейді. 

"Несиеге рақымшылық жасау үшін бюджет қаржысын жұмсау ұсынысы айтылды. Біріншіден, ол салық төлеушілердің ақшасы, сондықтан қарсылық білдірушілер болады. Әрі қазына қаржысының жартысынан астамы онсыз да әлеуметтік салаға бағытталған. Егер оны амнестияға жұмсасақ бюджетті қысқартуға тура келеді, салдарынан аурухана, мектеп уақытында салынбайды", - деді Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов.

Айта кетейік, карантин басталқалы салық төлеп, кейін қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалардың несиесін жаппай кешіру туралы мәселені мәжіліс депутаттары көтерген еді. Әзірге Ұлттық банк бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Талқылау