Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың коммуналдық қызмет үшін миллиардтаған қарызы жиналып қалған

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ком услуги

"Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн теңгеге көп. 2019 жылы бұл сома 12 286 млн теңге еді", - деді министр.

Ең көп берешек – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында, деп нақтылады Атамқұлов. Атап айтқанда, Алматыда - 2 млрд 177 млн теңге, Нұр-Сұлтанда - 1 млрд 928 млн теңге, Шымкент қаласында - 1 млрд 924 млн теңге, Маңғыстау облысында 1 млрд 525 млн теңге қарыз бар.

"Әкімдіктер борышкерлермен дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда кассалық қызмет көрсетуді жақсарту, тұтынушылардың берешегі туралы шот-хабарламаларды тарату, ескерту хабарламаларын тарату, кіреберістерде хабарландыруларды ілу, материалдарды сот органдарына жолдау жұмыстары атқарылып жатыр", - деді Бейбіт Атамқұлов.


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 12:51
Талқылау