Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың көбі махаббатпен үйленуді жөн көреді

pixabay үйлену тойыФото: pixabay.com

Қазақстандықтардың жартысынан көбі махаббатпен үйленеді. Мұндай қорытындыға Қазақстанның қоғамдық даму институты келді. Онда адамдардың не себепті көбіне некеге тұратынын анықтау үшін әлеуметтанулық зерттеу жүргізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, отандастарымыз үшін бірінші орында махаббат. Оның үстіне, махаббат өзге себептерден айқын басым. Ал өзара сенім немесе құрмет үшін некеге тұруға екі-ақ респондент шешім қабылдаған.

•    Махаббатпен – 59,9%
•    Қоғам пікірі мен жеке қызығушылықтары – 17%
•    Балалардың дүниеге келуі – 10,7%
•    Ата-анадан тәуелсіз болу – 5,5%
•    Материалдық жағдайды жақсарту – 5%
•    Жоспарланбаған жүктілік – 1,2%-ы үйленген.

Былтыр АХАЖ бөлімдеріне 123 мыңнан астам қазақстандық келген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда бірнеше пайыз артық. Ең көп неке Алматыда, Түркістан облысында және Астанада қиылған. 2024 жылы ажырасу да сәл жиілеген. Осы уақыт ішінде 40 мыңнан астам отбасы ажырасты.

Зерттеу нәтижелері жастардың асығып үйленбейтінін де көрсетті. Сауалнамаға сәйкес алдымен жас қазақстандықтар мансап құрып, өмірлік тәжірибе жинап алып, содан кейін ғана отбасын құруды қалайды.


Ару үйлену тойына дейін арықтағысы келіп, бедеулікке ұшырады


Түркістан облысында қыз ұзату кезінде жүргізушілер кортеждің алдына шығу үшін бірін-бірі соққан


Еске салайық, бұған дейін қытайлық компания кездесуге шығып, қарым-қатынас құрған қызметкерлерге 68 мың теңге төлеуге уәде етті. Компания басшылығы өздерінің арнайы танысу платформасында екі түрлі компанияда жұмыс істемейтін жанмен жұп құрған адамға 66 юань (4 мың 514 теңге) төлеуге уәде берді. Дегенмен сыйақы көлемі 66 юаньмен шектелмейді. Таныстықтан соң тарифтер өседі. Егер қызметкер үш ай немесе одан да көп уақыт қарым-қатынасты сақтаса, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына 1000 юань (68 мың теңгеден аса) төленеді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 16:29
Талқылау
`