Қазақстандықтарды "коронавирустың таралу" картасына қатысты дүрбелең тудырмауға шақырды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елді дүрліктірген электронды үкімет порталындағы картағы қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Тағы бір сауал eGov.kz электронды үкімет порталындағы шулы картаға қатысты болып отыр. Кеше ол дүрбелең тудырды. Өйткені, көпшілігі оны вирустың таралу картасы екен деп түсініп қалған. Ал іс жүзінде ол жерде негізінен коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдардың саны көрсетілген еді. Олардың барлығы да медициналық бақылаудан өткен. Ешқайсысынан коронавирус инфекциясы табылмаған. Даурығуға еш себеп жоқ», - деді Дәурен Абаев.
Айтуынша, қазіргі уақытта карта барынша түсінікті болуы үшін жетілдіріліп жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустың 61 және 62-ші оқиғалары 23 наурызда тіркелді.
26 адам COVID-2019 арқылы Алматыда, 32-сі Нұр-Сұлтанда, екеуі Қарағандыда, біреуі Алматы облысында, біреуі Ақтөбе облысында емделуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн