Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chia Tai Tianging Pharmaceutical пирамидасын ұйымдастырғандар қазақстандықтарды 392 миллион теңгеге алдап кеткен

Қазақстандықтарды сан соқтырған Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржы (инвестициялық) пирамидасына қатысты істің сотқа жолданғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі/Видеодан скрин

 

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023 жылдары Төле би ауданы аумағындағы "Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржы пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ықлмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық іске 20 тұлғаның қатысы бары анықталды”, – делінген хабарламада.

Олардың іс-әрекетінің салдарынан 279 жәбірленуші зардап шекті. Қаржы пирамидасы жалпы 391,7 миллион теңге материалдық залал келтірді.



Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.

Бұған дейін Шымкент тұрғындары "Chia Tai Tianging Group" қаржы пирамидасына 83 миллион теңге құйғаны туралы және пирамидаға қатысты тергеу аяқталғаны туралы жазған едік.

Талқылау