Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық алматылықтардан көлік әкеп беремін деп 145 млн теңге жинап, Ресейге қашып кеткен

Қазақстандықтарды “арзан көлік жеткізіп беремін” деп алдап соғып, iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бас прокуратура аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

“Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктердін нарықтағы бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, Алматының 6 тұрғынын 145 миллион теңгеге алдап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған”, – деп мәлімдеді Бас прркуратура.

Биыл сәуірде ол Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторға қамауға алынды.



Жасаған қылмысы үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау