Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардан қағаз күйіндегі 086/у анықтамасын енді сұратылмайды

086/у медициналық анықтамасы азаматтың соңғы рет өткен медициналық тексерісіне негізделіп, қажет болған жағдайда аввтоматты түрде сұратылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді. 

"Профилактикалық шараларға байланыс Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет медициналық тексерістен тегін өте алады. Тексерістің нәтижелері туралы жазбалар жүйеде сақталатын болады. ХҚКО, ІІМ секілді мемлекеттік органдар жүйеге сұратылым түсіріп, 086/у анықтамасын автоматты түрде алғыза алады. "

Сөзінше, азаматтың денсаулығы туралы деректер жеке ақпарат болып саналатындықтан, тек оның рұқсаты ғана арқылы алуға мүмкін болады. 

"Осы жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап қағаз түріндегі анықтама қажет болмайды. Себебі ол маңыздылығын жоғалтуда", - деді шенеунік. 

Бұған дейін 086 медициналық анықтамасын онлайн түрде алуға болатыны айтылған еді.

 


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қаңтар, 2020 15:35
Талқылау