Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты ма: Министрлік айтып берді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетінің деңгейі туралы зерттеулерді 2021 жылдың қаңтарында аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін ұлттық денсаулық сақтау орталығы мен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге жүргізіліп жатқан зерттеу нәтижелері жарияланды. Зерттеу қазір аяқталған жоқ. Бұл зерттеу 20 қаңтарға дейін аяқталуы керек", - деді Есмағамбетова брифингте.

Оған қоса, Есмағамбетова ұжымдық иммунитет туралы айту әлі ерте екенін жеткізді.

"Иммунитеттің ұзақтығы туралы әлі күнге дейін мәліметтер жоқ, әр түрлі мәліметтер бойынша, бұл бір айдан алты айға дейін ғана жетеді. Сондықтан қазір үйір иммунитеті деген не және ол шынымен бар, жоқ екенін айту қиын", - деді комитет басшысы.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 13:48
Талқылау