Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар "жоқ" десе, ескі Конституциямен өмір сүреміз - Сенат төрағасы

Конституцияға өзгеріс енгізу кезінде қазақстандықтардың пікірі ескеріледі. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерге берген жауабында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 


Әшімбаев барлық ұсыныстарды арнайы жұмыс тобы қарағанын атап өтті. Оның құрамына сарапшылар мен ғалымдар кірген. 

"Атап өтерлік жайт, бұл өзгерістер ел тұрғындарының пікірін ескере отырып енгізіледі. Бұл жерде өзіміз отырып заң қабылдап жатқан жоқпыз. Халықтың пікірімен санасамыз",  – деді сенат спикері. 

Оның айтуынша, Конституциядан Елбасының статусына қатысты барлық баптарды алып тастауды қазақстандықтар сұраған. 

"Ел тұрғындары Конституцияда Елбасыға арналған арнайы баптардың болмауы керектігін баса айтты. Олардың бұл қалауы ескерілді. Осы жерде өзгертулер мен толықтыруларды әзірлеу кезінде тұрғындардың пікірі ескерілгенін айта кетуіміз керек. Сіздер өздеріңіз де сол ұстанымдасыздар. 95-99% шамасы деп ойлаймын", – деді Әшімбаев.

Сенат спикері халықтың пікірі ескерілгенін бірнеше мәрте атап өтті. 



Айта кетейік, 2013 жылы Мәулен Әшімбаев мәжіліс депутаты бола тұра, "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті" жайлы заңға өзгерістер енгізген. Журналистер сол кезде қабылданған заңдарға қатысты ойын сұрады. 

"Қазақстан парламенті мәжілісінде жұмыс істеген кезең үшін ұяламын. Сіздер білесіздер, мен алты жыл депутат болдым. Мәжіліс депутаты болған кездегі айтқан бірде бір сөзім, бірде бір қабылдаған шешімім үшін ұялмаймын",-  деді ол.

Әшімбаев ол кезеңде заң жобасын қабылдау депутаттарға "аса маңызды шешім" болып көрінгенін атап өтті. 

"Ел тұрғындары ұсыныстарды қолдайды деп үміттенемін, өйткені ақырғы шешімді Қазақстан халқы шығарады. Егер халық өзгерістерге "иә" десе, олар қабылданады. "Жоқ" десе, ескі Конституциямен өмір сүреміз. Сондықтан тұрғындар тиісті күні саялау учаскелеріне келіп, дауыс беріп, өз пікірлерін білдіруі керек. Қанша жылдан бері адамдар: "Бізге мемлекеттік шешімдерге араласуға рұқсат етіңдер", - деп келді. Енді сол мүмкіндік бүгін туды. Сондықтан тұрғындар референдумға белсенді түрде қатысуы керек", - деді Әшімбаев.  

Талқылау